Исатай мен Жылыой аудандарында IT-сыныптар ашылды

Атырау облысында Жылыой мен Исатай аудандарында IT-сыныптар ашылды.

Screenshot_7

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа партиялық жобаларды және елорданың 20 жылдық мерейтойы мен Президенттің бес әлеуметтік жобасын насихаттау облыстың барлық аудандарында өткізіліп жатқан «Бірыңғай партия күні» шарасы аясында жүзеге асуда.

«Шағын мультфильмдер құрастыруды үйренгім келіп жүргенде IT-сынып ашылғаны өте жақсы болды. Енді мен бұл жерде анимациялық фильмдер жасауды, түрлі ойындар құрастыруды үйренемін», – дейді Құлсары қаласындағы №8 мектептің оқушысы Ақылбек Сүлейменов.

Screenshot_6

Айта кету керек, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған жоба аясында Атырау облысында биыл 10 ІТ-сынып ашу жоспарланған. Бұл мектептерде 2018 жылы – 700, 2019 жылы 1500, 2020 жылы 2000 бала оқытылатын болады.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерде ағылшын тілін үйренуге қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары да қолға алынған. Бұл мақсатта ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Атырау облысы бойынша 185 ағылшын тілін үйрететін арнайы жазғы лагерьлер ашылады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*