Исатай-Махамбет алаңында Құрманғазы ауданы өнерпаздары мерекелік концерт ұйымдастырды

Исатай-Махамбет алаңында Құрманғазы ауданы өнерпаздарының «Мәңгілік елге – мың тағзым» атты мерекелік гала концерті ұйымдастырылды.

М____г¦л¦к елге Ц мы__ та__зым

Концерт шымылдығы С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Жиделі» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуінде Құрманғазының «Серпер» күйімен ашылды.  Ғарифолла Құрманғалиевтың «Сәлем, Қазақстан» әнін Толыбай Қажыгереев  нақышына келтіріп орындады.

Аудан мақтанышы Талапқали Зайнуллиннің орындауындағы «Арман жырым – ауылым» атты әні көпшілікке жақсы әсер қалдырды. Александр Зацепиннің «Көктем» әнін орындаған Гүлзада Кенжешованың өнері көпті ерекше тәнті етті. Сондай-ақ,  құрманғазылық өнерпаздардың орындауындағы  ұлттық билер мен халық әндері жұртшылықтың жүрегіне бірден жол тапты. Шара соңы Шәмші Қалдаяқовтың «Отырардағы той» әнімен жабылды. Одан кейін өткен Исатай ауданының  «Өнерді әуелеткен ұлы далам» атты концерті де көпшіліктің көңілінен шықты.

Абай Ақмұрзиев

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*