Исатай ауданында “Ауыл мектебін қолдайық” акциясы өтті

28 мамыр күні еліміздің барлық аймақтарында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына орай «Ауыл мектебін қолдайық» республикалық акциясы өтті. Облыстағы «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі, педагогикалық шеберлік орталығы мен Назарбаев Зияткерлік мектебінен бір топ делегаттар Исатай ауданы, Жанбай селолық округіндегі Хамидолла Нәубетов атындағы жалпы білім беретін орта мектебіне барды. Бұл туралы Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.

Поддержи сельскую школу (63)

Салтанатты жиынға Исатай ауданы әкімдігі, аудандық білім бөлімінің мамандары, Х.Наубетов мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. 

«Ауыл мектебін қолдайық» әлеуметтік акциясында зияткерлік мектептің ұстаздары ауылдағы әріптестеріне жаңартылған білім беру мазмұны аясында бірқатар семинар тренингтер, ашық сабақтар өткізді. Ал атыраулық оқушылар болса жанбайлық балаларға Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» мақаласының ерекшеліктері мен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті құндылықтары бойынша топтық дәрістер өткізді.

Ауыл мектебінің үлкен тойына арналған акцияда атыраулық қонақтар Жанбай ауылының мектебіне 100 дана бөлме гүлін, 400-ден астам түрлі бағыттағы әдебиеттерді, спорт түрлеріне арналған 20 доп және информатика сыныбына 3D принтерді сыйға тартты.

Поддержи сельскую школу (82)

Тәжірибені ұдайы жетілдіру, прагматизмді ұштастыру арқылы ауыл мектебіне жаңа серпін сыйлаған бұл акция Жанбай ауылының мәдениет үйінде қорытындыланды. Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ауыл тұрғындарына Астана қаласының жиырма жылдығына арналған өлең жырларынан, ән мен биден шашу шашты.

Ауыл мен қаланың арасын бір қадам жақындастырған «Ауыл мектебін қолдайық» республикалық акциясы өңірде табысты аяқталды. Жанбай ауылы мен Атырау қаласы арасында орнаған жаңа көпір аймақтың даңқын арттырар озат оқушылар мен жетекші ұстаздардың еңбегіне серпінді себеп болса игі.

 

Хорлан Смадияр

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*