Өңірлік дамуға – жаңа серпін

Кеңесті ашқан облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкі-мов еліміздің аумағын ұтымды ұйымдастырудың жүйесі мен ұзақ мерзімді аумақтық дамудың көрінісін қамтыған осы Бас схемасын қабылдаудың аса маңыздылығын атап өтті. 
– Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схема 2010 жылдан бастап 2013 жылдар аралығында «Қазақстан – 2030» Стратегиясына, Үдемелі индустриялды-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға, 2030 жылға дейінгі жобалаудың есептік мерзіміне сәйкес әзірленіп жатыр, – деді мәселенің барысын баяндаған «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Астана филиалы директорының орынбасары Аманжол Чиканаев. Оның айтуынша, Бас схеманы құрудағы мақсат – халықтың тіршілік әрекетінің сапасын арттыру және Қазақстан аумағын тұрақты кеңістікте дамыту болып табылады.
Ел масштабында қала құрылыстық жобалау кеңістіктегі пішім үйлесімін, геосаяси және геоэкономикалық жағдайды, ел аумағының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің функционалдығын зерттеп, қоғамдық саяси, аумақтық-жоспарлау, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық көші-қон, құрылыстық-техникалық, сәулеттік-көр-кемдік, экологиялық және санитарлық-гигиеналық мәселелердің күрделі кешенін қамтиды. Бір сөзбен айтқанда, жалпы елдің жан-жақты даму келешегін қарастырады.
Ғалымның атап өткеніндей, бұған дейін қала құрылысы өзінің интеграциялық мәніне орай халықты қоныстандыру жүйесін құру мен дамыту және Кеңес Одағының қонысаралық инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша міндеттерін ойдағыдай атқарды. Қазіргі уақытта кеңестік қала құрылыстық негіздің көпшілік объектілерінің өміршеңдік кезеңі аяқталды, енді бәрін жаңадан құру міндеті тұр. Сол мақсатта ҚР Президенті белгілеген стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін елдің тұрақты дамуына бағытталған қала құрылыстық негізді дамыту және жаңа ұзақ мерзімді қала құрылыстық саясатты қалыптастыру керек.
Ол саясат шегінде мынадай мәселелер қамтылмақшы. Мәселен, Астана, Алматы, Шымкент секілді халық көп шоғырланған қалаларда өсу үрдісін реттеу, қалаларда тегін жер учаскелерін беру институттарын жою, себебі олардың көбеюі экологиялық проблемаларды, өңірлік сәйкессіздікті қиындата түседі. Сонымен қатар, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, іргелес мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастықты жақсарту, халықтың сейсмикалық қауіпсіз тұруын қамтамасыз ету және басқа да көптеген тиімді тұстары бар.

Қосұйым МҰҚАШЕВ.
Суретті түсірген

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*