Иорданияда Сұлтан Бейбарыстың жаулаған қорғаны сақталған

Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Азамат Бердібай, қазақ тарихында орыны бар Сұлтан Бейбарыстың Иордания елінде қандай із қалдырғаны туралы айтып берді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлайды.

111

БАҚ алдында баспасөз мәслихатын өткізген Азамат Бердібай, 1250 жылы әйгілі Мысыр патшасы Сұлтан Бейбарыстың иорданиялық әл-Карак қаласында жаулап алған қорғанын көрсетті. Ол қорғанды кірест жорығының кіресшілері салған. Бірақ кейін қорған Әмір Салахаддиннің жаулауымен мұсылмандардың қолына өткен.

«Бұл жер несімен атақты? Тарихты білсеңіздер, мәмлүктердің патшасы Сұлтан Бейбарыс 1250 жылы дәл осы әл-Карак қаласын жаулап, сол қалада тұрған. Дәл осы жерде ол үлкен мұнара тұрғызып, жер астында кітапхана ашқан. Бұл әлбетте біздің тарихымызға да қатысты», – дейді елші.

Азамат Бердібай сонымен бірге, әл-Карак секілді тарихи орындар Иорданияда көп екенін атап өтті.

«Мен бұл мемлекетті ашық аспан астындағы музей деп айтар едім. Астанасы Аман бұрын Филадельфия аталған. Римдіктердің жаулауынан бастап мұнда көне тарихтың ізі сайрап жатыр. Әлемнің жеті кереметінің бірі – Петро қаласы да осында. Онда жылына миллион турист келеді. Голливудтың «Индиана Джонс» фильмі сонда түсірілген», – дейді ол.

Елшінің айтуынша, Қазақстан азаматтары Иорданияға БАӘ, Түркия, Ресей, Украина, Грузия елдері арқылы ұшып жете алады.

Айқара Ғұмар

Фото inform.kz сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*