Интернеттегі «саудагерлер» ақшаны қалай ұрлайтынын білесіз бе?

Бүгінде елімізде интернет арқылы сауда жасаймын деп, алданып қалғандар тұрғындарды көптеп кездестіруге болады. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын қалай алуға болады? Жақында полиция қызметкерлері интернеттегі «саудагерлер» ақшаны қалай ұрлайтынын айтып берді.

photo_44990

Мұндай жағдайға тап болмау үшін полицейлер мынадай кеңес береді:

– тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлем жасауға келіспеңіз;

– белгісіз адамдарға ақша аудармаңыз;

– банк карточкасының номерін, пин-кодты, ұялы телефонға келетін құпия сөзді ешкімге айтпаңыз.

Полицейлердің айтуынша, жалған хабарландырулар көп жағдайда Kolesa, Olx, Instagram, Krisha сайттары арқылы жарияланады. Алаяқтар пәтер, көлік немесе өзге де заттарды сатамын деп алдап, ақша ұрлайды немесе сатып алушы болып, алдын ала төлем жасауды ұсынып, банк карточкасына қатысты барлық мәліметті алып, ондағы қаржыны шешіп алады.

Шаһсұлтан БАҺАДҮР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*