Интернеттегі алаяқтардан қалай қорғану керек?

Бүгінде қоғамда кибералаяқтардың көбейгені соншалық, олардан алданып, сан соғып қалғандар аз емес. Әсіресе, интернеттегі қулар танымал сауда алаңдарын жиі пайдаланатын көрінеді.

764101169-640x480

«Алаяқтар www.kolesa.kz, www.adi.kz, www.olx.kz, www.dogovor24.kz сайттарымен бірге, «Facebook», «ВКонтакте», «Mail.ru», «Одноклассники», сондай-ақ, «WhatsApp», «Telegram», «Instagram» әлеуметтік желілерін пайдалану арқылы әртүрлі тауарларды, өнімдерді сатуға, тіпті белгілі бір қызмет түрін көрсету туралы жарнама орналастырады. Алдын-ала Qiwi-әмиянға, түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап етеді, кейіннен шот иелері тексерілген кезде олардың өзге адамдардың атынан тіркелгендері белгілі болады. Алдын-ала төлемін алған алаяқтар кейбір жағдайда құрбандармен кез келген уақытта байланыста болады»,-дейді Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен ғаламтордағы алаяқтардан қорғанудың алты жолын назарларыңызға ұсынамыз:

  1. расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз;
  1. кез келген жағдайда, банк карталарыңыздың және шоттарыңыздың мәліметтерін ешкімге бермеңіз, әсіресе, интернет арқылы байланысқан кезде;
  1. интернетте, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз;
  1. интернет-порталдар арқылы мүлікті сатып алу (сату) кезінде ешқашан алдын ала келісім жасамаңыз;
  1. төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз;
  1. басқа қаладан автомобильдерді, қосалқы бөлшектерді сатып аларда, достарыңыз бен таныстарыңыздан сатушымен алдын-ала кездесуді және өнімді тексеруді өтініңіз.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*