Инсульттің қалай алдын алуға болады?

Инсульт – ми қан айналымының бұзылысы салдарынан кенеттен болатын қан тамырлық дерт. Ол пайда болған жағдайда науқасқа айналасындағылардың шұғыл әрекеті аса қажет. Өйткені, мұндай кезде адамның кейінгі өмірі үшін әрбір минут маңызды. Мүмкіндігінше ауруды анықтап, алғашқы көмек көрсетуде оның белгілерін алдын ала білген жөн.

insult_1

Кенеттен бұлшық етте әлсіздіктің пайда болуы немесе бір жақ бет, қол, аяқтың ұйып қалуы мүмкін. Сөйлеудің қиындауы ықтимал. Көру қабілеті нашарлап, заттар екіге бөлініп көрінеді. Сондай-ақ, күтпеген жерден тепе-теңдіктің жоғалып, салдарынан жүре алмай қалады.

Бас миының зақымдалған кезде бірнеше сағаттан кейін қайтымсыз өзгерістер байқалады. Төрт-бес сағаттық терапевтық терезе бар. Бұл – ми жасауыштарының әдеуір бөлігінің жансыздануымен байланысты инсульттің маңызды зардаптарының дамуының алдын алуға болатын мерзім. Егер осы уақытта науқасқа білікті медициналық көмек көрсетіліп  үлгерсе, салыстырмалы түрде қалыпты өмірге тез оралады. Науқас есін біліп жатса, қобалжу мен қорқыныш ауру белгілерін күшейтпесі үшін оны тыныштандыру қажет. Мысалы, валерин, глицин тұнбаларын қабылдауға болады. Егер есінен танып жатса, басы бір қырына қарап бұрылған болуы тиіс. Өйткені, кенеттен құсуы мүмкін. Сырқаттың тілінің артқа қысылмауын тексеріп, тұншығып кетпеуі үшін тілін сыртқа шығарып қою қажет. Жиденің жағасын, шалбардың белбеуін босатып, таза ауаның кіруін қамтамасыз етуде жағдай жасау маңызды. Жоғарғы қан қысымын өлшеп, қажет болған жағдайда бұрын дәрігер дайындаған дәрі-дәрмектерін берген жөн.

Инсульт орын алған жағдайда «жедел жәрдем» келгенше көк тамыр кеңейіткіш дәрілерді

беруге, су ішкізуге немесе тамақтандыруға тиым салынады. Науқасты мамандандырылған орталыққа немесе ең таяу орналасқан аурухананың жансақтау бөліміне  тасымалдайды. Болған жайды және көрсетілген алғашқы көмекті көрген адам оны егжей-тегжейлі дәрігерге айту  үшін ауруханаға бірге барады. Өйткені, дұрыс, әрі тез жасалған әрекеттер оң нәтиже береді. Айта кету керек, ми қан айналымының жіті бұзылуы көбіне 50 жастан асқанда байқалады.

Сахибай ҚОЖАМЕТОВ,

Геолог емханасының дәрігер-неврологы.

Атырау қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*