Информатика пәні бірінші сыныптан бастап оқытылуы мүмкін

Бұл мәселе бойынша қазір сарапшылармен жұмыс жүріп жатыр, кейін ол қоғам талқысына шығарылады.

OCDE

Мектептерде информатика пәнін бірінші сыныптан оқыту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

“Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ОЭСР) елдерінде көп бағдарламалар бірінші сыныптап бастап оқытылады. Бізде информатика пәні мектепте бесінші сыныптан бастап оқытылады. Ал биыл үшінші сыныптан басталады. Сонымен қатар 1-5 сыныптарда информатика пәніндегі программалау тілдері қайта қарастырылатын болады. Программалау тілдері тез өзгеріп отырады. Сондықтан біздің балалар ең соңғы программалармен оқуы керек болып тұр”, — деді Сағадиев білім беру саласындағы цифрландыру мәселесіне арналған отырыста.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, қазіргі уақытта информатика пәнін бірінші сыныптан оқыту мәселесі қарастырылып жатыр.

“Информатиканы оқытуды бірінші сыныптан бастап енгізу мүмкіндігі бойынша сарапшылармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір жоба жасалып, әрі қарай бұл мәселе қоғам мен мұғалімдермен талқыланатын болады”, — деді министр.

Хорлан СМАДИЯР

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*