Білім алуға ақшаны қайдан табуға болады?

6bd7e5eeb88927ce56f4bdb14af62704 Білім

Еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, мыңдаған балғын жасты, қазақстандықтарды, сондай-ақ, олардың ата-аналарын «Әрі қарай не істейміз? Баламызға жоғары білім беру керек пе, әлде, жұмысқа жіберу керек пе?» деген  сұрақтар мазалай бастайды. Әрине, көпшілігі табыс мөлшері бұдан әрі білім деңгейіне байланысты болатынын түсінеді, сондықтан, ата-аналардың басым бөлігі түптеп келгенде өз балаларын одан әрі оқытуға бел буады. Мұнда да «Ақшаны қайдан аламыз?» деген сұрақ алдынан кес-кестеп шыға келеді, өйткені, қазіргі таңда білім алу қымбат ғанибетке айналды.

6bd7e5eeb88927ce56f4bdb14af62704

Бірнеше жыл бұрын Қазақстанда «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Заң пайда болды, соған сәйкес өз балаларының білім алуына ақша жинағысы келген адамдар мемлекеттен қосымша субсидиялар алады.

– Биылғы жылы Банк ВТБ(Қазақстан) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушысы атанды, бұл дегеніміз, енді біздің клиенттеріміз бізде «Білім  беру» депозитін аша алады  және де пайыздарға қоса банктен қосымша мемлекеттік сыйлықақы ала алады, – дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Атырау қаласы  филиалы  директорының орынбасары Асхат Мусагалиев.

–Іnformburo.kz сайтының деректері бойынша, қазіргі таңда Қазақстанда  17 000 білім беру депозиті ашылған. Адамдар осы жүйеге сенеді, себебі, білім беру жинақтау салымдары – бұл осы кезде ҚР заңнамалық актілерімен тыйым салудан және үшінші тұлғалар тарапынан өндіріп алудан толық қорғалған депозиттер болып табылады, сонымен қатар, табыс түріндегі мемлекет сыйлықақысына салық салынбайды.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) –бұл кез келген қазақстандық үшін өз атына, не болмаса баланың атына Қазақстанда, әрі шет елде кәсіптік-техникалық және жоғары білім алуға төлем жасау үшін пайдалануға болатын жинақтаушы білім беру салымын ашу мүмкіндігі.

Егер Сіз Банк ВТБ (Қазақстан) банкінде білім беру депозитін ашсаңыз, оған 9,4% жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен банк сыйақысы есептелетін болады және бұған қоса жыл сайын 5% мемлекеттік сыйлықақы есептеледі. Жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер, сондай-ақ, көп  балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін сыйақы 7% құрайды. Мемлекеттік сыйлықақы жыл сайын банк сыйақысын ескере отырып, салымның бүкіл сомасына, алайда, жылына 100 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде есептеледі, 2017 жылы 1 АЕК 2 269 теңгені құрайды.

Білім беру депозиті 3 жастан 20 жасқа дейін ашылады, салымды мерзімінен бұрын алу білім беру мекемесіне ақшаны тікелей аударған жағдайда ғана қарастырылған. Сонымен қатар, депозит ұстаушы оны кез келген сәтте толықтыра алады. Мұндай жүйе адамдарға шын мәнінде оқуға ақша жинауға және басқа қажеттіліктерге ақша жұмсамауға мүмкіндік береді.

– Егер балаңыз өсіп келе жатса, оның оқуы туралы алдын ала ойластыра жүріңіз. Мұнда жүйелі әдіс маңызды болып келеді – салым ашу үшін 3 АЕК қажет – бұл  дегеніміз – 6 807 теңге. Егер осындай соманы ай сайын балаңыздың бірінші сыныпқа барған сәтінен бастап жинайтын болсаңыз, балаңыз мектепті тәмамдаған кезде сіз оның одан әрі білім алуына қомақты қаржы жинап үлгересіз. Бұған қоса осындай ай сайынғы аударымдар отбасы бюджетіне елеулі түрде әсер ете қоймайды. Сондықтан да, «Білім беру» салымы, ақиқатында, білім  алуға қаражат жинау үшін өте тиімді, әрі ең қауіпсіз қаржы құралы болып табылады, – дейді Асхат Мусагалиев.

Банк ВТБ(Қазақстан)банкінде «Білім беру» салымы туралы толығырақ http://www.vtb-bank.kz сайтынан немесе ұялы телефонмен 5050 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.

 Айгүл Ертілеу

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз