Индерлік жастар ардагерлерге алғыс айтты

Индер аудандық Жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» жастар қанаты «Алғыс айту күніне» орай кент тұрғыны, бар өмірін аудан ауылшаруашылығының дамуына арнаған ақсақал Саржанов Нұржан Ғарпенұлының үйіне барып, алғыстарын айтты.

f257d618-8f67-4b15-935e-8f05de92d6d4

Жасы 74-ке келген қария үйде отырса да, әңгіме барысында Елбасы жолдауы, облыс, аудан, ауыл әкімдерінің есеп беруі, ардагерлер ұйымының ұйымдастырып жатқан шаралары туралы хабардар екенін айтып, қоғам жаңалықтарынан еш тыс қалмайтынын көрсетті.

Ардагер 1944 жылы Индер ауданында туған. Орал қаласынан «инженер-механик» мамандығын бітіріп келген жас студент колхоз кейін совхоз болған атақты «Передовик» шаруашылығында еңбек етіп, инженерден бас инженерге дейін көтерілген. Табандай 17 жылдан соң Индер ауданындағы ауылшаруашылық басқармасының бас инженері боп тағайындалған Нұржан Ғарпенұлы зейнеткерлікке шыққанға дейін орталық аурухананың шаруашылық бөлімі мен «СуШар» мекемесінде адал еңбек еткен.

8bdea585-ee4a-44e5-b541-93823d1cf34d

2 қыз, 1 ұл өсірген тәрбиелеп өсірген отағасы жұбайы өмірден өткен соң денсаулығы күрт нашарлап, бүгінгі таңда ем алып жүргенін айтып, келген жастарға өз ризашылығын білдірді. Өз кезегінде «Жас Отан» жастар қанатының Индер аудандық бөлімшесінің жетекшісі А.Саргойшина да «келген мақсатымыз сіздер секілді аудан өңірінің дамуына бар күш-жігерін жұмсаған аға-апаларға алғысымызды білдіру, жағдайын біліп, батасын алу», – болатын дей келе, ұжым атынан естелік сыйлықтарын ұсынып, естелік суретке түсті.

Рафхат ЖҰМАБАЙ

Индер аудандық Жастар ресурстық

орталығының маманы

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*