Индер ауданының тумасы әскери шеруге қатысады

Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай Астанадағы әскери шеруге Шыңғысхан Қонысбаев та қатысады. Индер ауданының тумасы бүгінде айтулы шараға қызу дайындалып жатыр.

скачанные файлы

Шыңғысхан Талғатұлы Алматы қаласындағы №28237 Бауыржан Момышұлы атындағы әскери бөлімде бір жыл Отан алдындағы борышын  өтеді. Мерзімді уақыты аяқталғанымен өзінің болашағын әскер қызметкер болуды мақсат етті. Осылайша былтырдан бері келісім-шарт негізінде Атыраудағы №41433 әскери бөлімшенің барлаушылар полкінде қызмет етуде, шені – сержант. Астанадағы әскери шеруге дайындалып жатқан Шыңғысхан Талғатұлымен сөйлесудің сәті түсті.

– Астана маңында орналасқан әскери лагерімізге алдын ала барып, шеруге дайындықты бастап кеттік. Қазақстан Қарулы Күштерінің негізгі әскери құрылымдарының бәрі осында. Әрбір әскери округ арасында шеберлікке шыңдайтын қызықты сайыстар ұйымдастырылуда. Саптық дайындықтың қатарына зымырандық, радиологиялық  кешендер, танк, бронды көліктер, басқа да заманауи қару-жарақтың түрлері шеруге шығуға дайындық үстінде. Саптық дайындық шараларының бәрі тиісті талапқа сай өтуде. Әскерилерге қажетті жағдай жасалған. Әскери бұйрықтардың бәрі мемлекеттік тілде беріледі. Біз 7 мамырда Астананың орталық алаңында өтетін әскери шеруге шығатын боламыз, -дейді Шыңғысхан Талғатұлы ақ пейілмен.

Саламат БАЗАРБАЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*