Индер ауданында тұратын малшыдан заңсыз қару тәркіленді (ВИДЕО)

Атырау облысы, Индер ауданында тұратын малшыдан заңсыз қару тәркіленді. Бұл «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталып отыр.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Индер ауданына қарасты Елтай селосы, “Сазды” учаскесінде мал бағып жүрген 1972 жылғы азаматтан рұқсат құжаты жоқ “ИЖ-56” екі ұңғылы аңшылық қаруы табылған.

Қазіргі уақытта қарудың иесін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық Кодекстің 287-інші бабы, 2-інші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Айдос Қарабала

Видео Атырау облыстық ІІД-нің Facebook-тегі парақшасынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*