Индер ауданында үлкен жылыжай салынады

Соңғы үш жылда Атырау өңірінде жалпы құны 18,3 млрд. теңгені құрайтын 17 ауыл шаруашылығы жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 643 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы халық алдындағы есеп беру жиналысында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

Теплица Дачная-Двушка 2 м

«Облыс тұрғындарын маусымдық уақыттарда көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 32 жылыжай жұмыс істейді. Сондай-ақ, биыл Индер ауданында көлемі 40 гектар болатын жылыжай кешенінің құрылысы басталады. Оны «NAVA GRA» компаниясы жүзеге асырады» деп атап өтті аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Айта кеткен жөн, облыста бүгінде жылына 400 тонна шұбат, қымыз, айран шығаратын «Алға-1» шаруа қожалығы, 12,6 млн. дана консервіленген ет өнімін өндіретін «Карат» ЖШС, 370 тонна салат және 75 мың консервіленген өнім шығаратын «Атырау Агро Феликс» сынды шаруашылықтар табысты жұмыс істеп тұр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*