СЫР-СҰХБАТ: Өркениет өзегі неде?

snimok 17 Қоғам

Atr.kz/31 наурыз, 2020 жыл.  Өзекті сұхбат қонағы – Атырау облысының бас имамы Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ.

Бауырластыққа үндейді

– Бүгінде ислам елдерінің дені экономикалық жағынан әлсіз мемлекеттердің қатарын толықтырды. Бұл мәселені кезінде Исл а м ы н т ы м а қ т а с т ы қ ұйымының форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та көтерген болатын. Асылында, ислам діні әруақтарға құран бағыштау, жаназа шығару, ас беру сияқты тұрмыстық шеңбердегі рәсімдермен ғана шектелмейді ғой.. Исламның жер бетіне таралуындағы негізгі міндеті қандай еді?

– Рас, VII Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумында Елбасы қазіргі ислам әлемі бетпе-бет келіп отырған үш стратегиялық жағдайды атап берген болатын. Әуелгісі, инерциялы даму стратегиясы. Екінші стратегия қазіргі қоғамның құрылымдарын жоққа шығарып, өткенге түбегейлі қайта оралу үрдісіне негізделген. Бұл жағдай кейде осы заманғы саяси және экономикалық ахуалдың нормаларын да толық жоққа шығарады. Ал, үшінші стратегия ислам әлемін модернизациялауға бағытталған. Ислам әлемінде бәсекеге қабілеттіліктің жоғары үлгісін көрсетіп отырған елдер де бар. Десе де, мұсылман елдері айтарлықтай модернизациядан өтуі тиіс.

Енді исламның жер бетіне таралуындағы негізгі міндетіне келер болсақ, мұның мәні тереңде жатыр. Ислам – мұсылман қауымының ғана емес, бүкіл адамзаттың соңғы иләһи діні. Ол ғалам атаулының дара иесі ретінде Алла Тағалаға бас иіп, соңғы Елшісіне (с.ғ.с) құлақ салдыру арқылы, Адам ата мен Хауа анадан таралған күллі адамзатты бауырластық құшағына тартады. Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштық орнату.

Исламның мәні осында жатыр. Адамзат көшін дұрыс бағытқа бұруда, адамдық қасиеттерден ажырамай ғұмыр кешуде, өмірдің ақиқаты мен шындығын тануда ислам тағылымдарының берері мол. Сол себепті, исламға рәсімдер тұрғысынан қарасақ, діннің мұраты толық ашылмайды. Бұл жерде кең көзқарас керек. Кейбір сыншылар ислам дүниесінің көп бөлігінің басқа аймақтардан артта қалуын діннің өзімен байланысты деп санайды. Бұл – ақиқаттан мүлде алыс тұжырым.

– Б і з с ұ х б а т т а с қ а н ғалымдардың бірі «… С е г і з і н ш і , о н ы н ш ы ғ а с ы р л а р д а м ұ с ы л м а н ғалымдар әлемге, күллі Еуропаға өркениетті алып барған кезде оларда ғылым жоқ еді. Осы сегізінші, тоғызыншы, оныншы ғасырда Е у р о п а д а н ш ы қ қ а н б і р ғалымды айтып беріңіздерші десем, ешкімді айта алмайды» деген еді. Ендеше, сұхбатымызды ислам келгеннен кейін зор өзгерістер орын алған сол бір «Орта А з и я д а ғ ы қ а й т а ө р л е у кезеңімен» жалғастырсақ…

– Орта Азия жеріне келг е н И с л а м д і н і – т ү р к і халықтарының жаңаша рухани өрлеуіне жол ашты. Ортағасырлық мәдениетіміз бен әдебиетімізге ислам айшықты із қалдырды. Түркі ойшылдары шығармашылық ізденістерінде ұлттық негіздермен қатар, ислам құндылықтарына да иек артып отырды. Ортағасырлық қазақ жеріндегі Отырар, Кердер, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Жент, Баласағұн, Сайрам (Исфиджаб), Тараз, Меркі сынды мәдениет пен ғылым ордалары бұқараға бағыт-бағдар сілтеді.

Осы жерде орта ғасырларда шыққан Әл-Фараби мұраларын, Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі сөздерінің жинағы), Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік», Ахмет Йасауидің «Диуани хикмет» (Ақыл кітабы), Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих и Рашиди», «Жаһан наме», Ахмед Иүгінекидің «Хибатул-хақаиқ» (Ақиқат сыйы), Сүлеймен Бақырғанидың «Бақырғани кітабы» еңбектерін мақтанышпен атап өту парыз.

Еске түсірейікші, екінші ұстаз ретінде әлем мойындаған «Әбу Насыр Әл-Фараби өзінің «Философияның дінге қатысы» атты еңбегін қалай бастаған еді? «Мейірімді, мейірман Алла үшін…» деген сөздермен. Неге? Себебі, күллі жаратылыс иесі – Алла. Құран сөздерін логикалық тұрғыда пайымдаған ғұлама дүниедегінің бәрі түсіндірілуі тиіс екендігін және дүниедегінің бәрін түсіндіруге болатынын көрсетеді. Яғни, түйін бір. Ислам – өркениеттің, құндылықтардың діні.

Мәселе – біртұтастықты үзбеуде

– Расында да, сегізінші ғасырда біз «жер дөңгелек, о л а й н а л а д ы » д е г е н кезімізде, Еуропада XVI ғасырда Галилей мен Бруноны «жер дөңгелек» дегені үшін шіркеулер отқа жақты. Бірақ, қазір керісінше, ислам елдері жаңалық, алапат технологияның барлығын Еуропадан, Америкадан үйренуге мәжбүр болып отыр. Сол кездегі өркениет жібін үзіп алуымызға не себеп?

– А р д а қ т ы М ұ х а м м е д Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде «Сендерге екі нәрсе қалдырып бара жатырмын. Содан айырылмасаңдар, адаспайсыңдар. Олар – Құран мен сүннетім» деген еді. Исламның «Оқы!» деп келген алғашқы бұйрығы ғаламды зерттеуді, зерделеуді де білдіреді. Мұсылмандардың сіз айтқан өркениет жібін үзіп алуындағы басты себептердің бірі осында жатыр.

Ислам тұрғысынан ғалам – Ж а р а т у ш ы н ы ң ш е б е р туындысы. Ол туындыны мұсылмандар әр ғылым саласы арқылы зерттеуі тиіс болатын. Асылында, ғылымның қай-қайсысы да – мұсылманның іздеп жүрген мүлкі. Міне, осы түсініктен айрылмай, мұсылмандар ғылыми ізденістерін жалғастыра бергенде, бүгінде біз орта ғасырдағы жетістіктерімізді ғана айтып мақтанбас едік.

Ғылымның есігі қайтсе ашылады?

– Әл-Фараби, Ибн Сина, Хорезми, Әл-Джабри сынды мыңдаған ғалым физика, математика, география, астрономия салаларында үлкен жаңалықтар ашып, исламның білімнің, ғылымның діні екендігін дәлелдеді. Таңқаларлығы, XVI ғасырға дейін Орта Азия ғалымдарының география, математика саласындағы еңбектерін Еуропа оқытып келген. Ендеше, діни білім мен әлеуметтік ғылымдар арасындағы жоғалған байланысты қайтсек жаңғырта аламыз?

– Дін – адамды білімге қарсы қоймайды, адамның ізденістеріне тұсау салмайды. Бірақ, позитивтік және материалистік теориялар ғылым мен ойлау жүйесін толығымен тұмшалап алды. Басқаша айтқанда, ақиқаттың ғылымына бастайтын жолдар тарылды. Барлық нәрсені материямен, табиғатпен байланыстырып қойдық та, метафизикалық түсіндірулер толықтай ысырылды.

Анығында, атоммен бірге субатомдық және макроатомдық ә л е м д е р д е з е р д е л е н і п , ықтималдықтарға орын берілуі қажет еді. Осы жерде Майлықожа ақынның «Шеберді шебер дегенше, Алланы шебер десейші» деген сөзі еске түседі. Мұсылмандар Алла Тағаланы білім, ғылым арқылы тануға тырысуы тиіс. Сонда барып иман еліктеумен шектелмей, шынайы тақхиқи иман дәрежесіне ұласады. Бүгінгі күні жасалуы керек маңызды істің бірі осы. Яғни, жастарға жаратылыс пәндерін оқытып, оған діндегі имандылық пен тәрбиені ұштастыра білу.

Діннен хабарсыз болу адамды сауатсыз дүмше етсе, дінде тым оғаштықтарға, әсіреліктерге барудың соңы – көзсіз фанатизм. Осы себепті дінді дұрыс пайымдаған жағдайда, ол адамға ғылымның да есігін ашады. Өйткені, ислам білімді кісінің дәрежесін әрдайым жоғары қояды. Қасиетті Құран аяты білімділер мен білімсіздердің тең бола алмайтынын назарға ұсынады. Бүгін кейбір мұсылман ғалымдар миға ғылым, жүрекке руханият, имандылық керектігін айтып, осы бағытта қатар жұмыс істеу керектігін түсіндіруде.

Алаш зиялылары да өз заманында мұсылман жұртына білімді болу үшін оқу, бай болу үшін кәсіп, ауызбіршілікте болу үшін ынтымақ керектігін дәріптеуден жалықпаған. Осы себепті діни білім мен әлеуметтік ғылымдар арасындағы жоғалған байланысты ғылымға жаңаша көзқараспен қарау арқылы, сапалы білім беру мен саналы тәрбие беру ісін жұмыла қолға алу арқылы қайта жалғауға болады.

Жібек жолы тарихы қайта сараланса…

– Елордада өткен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылымидіни конференцияда Бас м ү ф т и С е р і к б а й қ а ж ы Сатыбалдыұлы Ұлы Жібек жолы елдерінің «Рухани картасын» жасауды ұсынған еді. Біз айтып отырған ислам өркениеті мәселесін Бас мүфти айтқан «Рухани картамен» сабақтастыруға бола ма?

– Бас мүфти «Рухани карта» жасаудағы ойын тарихтан тағылым алумен үндестірген еді. Яғни, тарихи тұлғалардан тәлім көрген ұрпақ дін мен дәстүрді үйлестіре біледі. Осылайша, өнегелі өмір сабақтастығын қалыптастырады. « Б ұ л б а с т а м а т а р и х ш ы ғалымдар мен дін ғұламаларының Жібек жолы тарихын ғибраттың көзімен қайта зерттеуін қажет етеді», – дегені есте. Расында, біз айтып отырған ислам өркениеті мәселесін Бас мүфти айтқан «Рухани картамен» сабақтастыруға келеді.

Жібек жолы бойында орналасқан Отырар, Тараз, Сайрам, Түркістан, Суяб, Баласағұн және тағы да басқа қалалар кезінде сауда қатынастарын өркендетіп қана қоймай, мәдениет және ғылым ошақтары рөлін де қатар атқарды. Бұл қалалардан небір мұсылман ойшылдар мен ғұламалар шықты. Олардың тұлғасы мен еңбектері әлі де зерттеуді қажет етеді.

Бүгінгі күні қазақ тарихы қайта жазылуы тиіс деген идея тарихшылар тарапынан батыл көтеріліп жүр. Себебі, төл тарихымыздың жазылуына кезінде түрлі саяси жағдайлар кері әсер еткені белгілі. Осының аясында Жібек жолы тарихы да өз деңгейінде қайта сараланса, толықтырыла зерттелсе, көп ақиқат әлі де ашыла түсер еді. « Р у х а н и ж а ң ғ ы р у » тұрғысынан оның бүгінге дейін бергенінен әлі де алда берері мол екеніне еш шүбә келтірмеймін. Осы себепті Бас мүфти ұсынысы отандық тарихшылар мен зерттеушілер тарапынан қолдау табуы тиіс.

– Салиқалы сұхбатыңыз үшін бек рахмет!

Сұхбаттасқан: Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-kəsipkerler-əkimshilik-қamauғa-alyndy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз