Үш жүз отбасыға құрбан малының еті таратылды

9216 1 Шаһар шырайы

Қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай, орталық «Иманғали» мешітінде үш жүз отбасыға құрбан малының еті таратылды, деп хабарлайды орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

9216 (1)

Мұқтаж жандарға құрбан малының етін Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров арнайы табыстады.

«Құрбан айт берекенің, ізгіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Әдетте, Құрбан Айт намазынан кейін жамағат құрбан шалуға асығады. Осынау мерекеде науқастанған кісілердің көңілін сұрап, оларға арнайы бару, жетім-жесірге қол ұшын беру, мұқтаж жандарға да айттың шарапатын сездіру мейлінше сауапты іс. Сол себепті, мешіт ұжымы мұқтаж жандарға құрбан малын таратып отыруды дәстүрге айналдырды. Құрбан айт күні неғұрлым жоқ – жітік жандарға жәрдем қылсақ, Алла Тағала бұл қайырлы істің сауабын еселеп береді», – деді орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров.

Айта кетейік, мұқтаж жандардың барлығы көмекке зәру отбасылары ретінде  мешіттің арнайы тізіміне алынғандар.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз