Орта Азия ғалымдары оразаны бір күнде бастауға уағдаласты

9656fa3efc512cc7d1146776c8ea9f23 M Жаңалықтар

Аtr.kz/22 сәуір, 2019 жыл. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің пәтуа бөлімдерінің басшылары мен мамандары бас қосты. 

Алқалы жиында 2019 жылдағы Рамазан айының басталу және аяқталу күндерін белгілеу мәселелері талқыланды, сондай-ақ зекет, пітір садақасы және підия мөлшерлерін анықтау жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі С. Шоқанов мұсылман күнтізбесін жүйелеу мәселесінің аса қажеттілігін атап өтіп, бұл жайында қонақтармен өзінің тың ойларымен бөлісті.

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің төрағасы А. Кадырбердиев жаңа айды белгілеу жөнінде жүргізген зерттеу жұмыстарын баяндап берді. Өзбекстан мұсылмандар діни басқармасы Пәтуа бөлімінің басшысы Х. Ишматбеков мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталып, жиі кездесіп тұруды ұсынды.

Кездесу соңында пәтуа бөлімінің басшылары биылғы рамазан айын бір күнде бастауға сөз байласты.

1 1
1 4

Дереккөз: «islam-atyrau.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз