Атырауда Бас мүфтидің атынан алғашқы ауызашар берілді

9505 15 Қоғам

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың бастамасымен орталық «Иманғали» мешітінде алғашқы ауызашар ұйымдастырылды, деп хабарлайды орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

9505 (1)

Мешіт ауласына тігілген төрт киіз үйге жиналған жамағат санында шек болмады. Қасиетті Рамазан айының алғашқы ауызашарына жиналған жұртшылықты өкіл имам Батыржан қажы Мансұров құттықтап, оразаның әр күнін қайырлы, сауапты амалдарға арнап отыруға үндеді.

9505 (15)

«Қасиетті Рамазан айындағы сауабы мол амалдардың бірі – аузы берік жандарға ауыз аштыру. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хадистерінің бірінде «Рамазан айында кім адал табысынан аузы берік жанға ауыз аштырса, Рамазанның барлық түнінде періштелер оған дұға етеді. Қадір түнінде Жәбірейіл онымен амандасады. Жәбірейіл кіммен амандасса, оның жүрегі жұмсарып, көздерінің жасы көбейеді» дейді. Тағы бір хадистерде «Бір адам осы айда аузы берік адамға ауыз аштырса, күнәлары кешіріледі. Ораза ұстағанның сауабындай сауап алады» делінген. Қасиетті айда мұқтаж жандарға әлеуметтік, рухани тұрғыда қолдау көрсетудің де берекесі мол», – деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз