Ілияс – «Дарын» сыйлығының иегері

Астанада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды. 10 аталым бойынша, яғни, әдебиет, ғылым, бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрадалық өнер, халық шығармашылығы саласында үздік деп танылған жастарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі болып өтті.

FB_IMG_1512981798473

Әртүрлі сала бойынша аталмыш марапатқа қол жеткізген дарынды жастар қатарында Атырау облысындағы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының үйлестірушісі Ілияс Қонысбаев та бар.

Барлық өңірлерде де табысты жұмыс жасап отырған қозғалыстың Атырау облыстық бөлімшесі де біраз істерге ұйытқы болып, қызмет атқарып келеді. Өз кезегінде аталған филиал үйлестірушісі Ілияс Қонысбаев: «Бұл – мен үшін алғашқы үлкен марапат. Өз жұмысыммен қоса, қоғамдық қызметті қатар алып жүру – әрине оңай емес. Десек те, әріптестерім мен достарымның, отбасымның қолдауының арқасында осындай жетістікке жетіп отырмын. Шынымды айтсам, естіген кезде таңданысымды жасыра алмағаным рас, күтпеген жаңалық болды. Біздің командамыздың барлық мүшелеріне алғысымды жеткізгім келеді. Өйткені, біз бірлесіп жұмыс жасаудың нәтижесінде осындай жетістікке жетіп отырмыз»,-дейді.

Салтанатты рәсімде барлық жеңімпаздарға «2017 жылғы Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлықтар табысталды.

Гүлжан ӘМІРОВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*