Хоккей: Қазақстанға қарсы кім ойнайды?

Ел жаңалықтары Спорт

2020 жылы Чехияның Острава және Тршинец қалаларында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатында ойнайтын топтардың құрамы белгілі болды.

20190106095906

А тобында 2019 жылғы жастар арасындағы финалдық матчтың (Финляндия/АҚШ) жеңімпазы, сондай-ақ Швейцария, Швеция, Словакия және Қазақстан командалары кездеседі. В тобында 2019 жылғы жастар арасындағы финалдық матчта (Финляндия/АҚШ) жеңілген командамен Ресей, Канада, Чехия және Германия командалары ойнайды.

2019 жылғы жастар чемпионаты 27 желтоқсан күні басталып, 2019 жылдың 6 қаңтарында аяқталады. Еске сала кетейік, топтық кезеңде Сергей Старыгиннің хоккейшілері төрт рет жеңіліп, одан кейін Дания командасын 4:3, 4:0 есебімен ұтып, «элитада» қалды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *