«ХАЗАРДАН – ҚАЗАҚҚА ДЕЙІН» тарихи экспедиция осылай деп аталды

hhggh6– Экспедицияның мақсаты – деді Шыңғыс Жұмабекұлы,- қанша ғасыр өтсе де, маңыздылығын жоймайтын тарихтың куәсі – Ұлы Жібек жолын негізге ала отырып, Атырау облысы өңіріндегі тарихи-мәдени мұраларға саяхат жасау. Аймақтың тарихи-мәдени мұрасын қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде облыс бойынша 313 тарихи-мәдени ескерткіш, 525 мәдени нысан тіркелген.Туған өлкеміздің баға жетпес тарихи мұрасы өлкетанушы, археолог, тарихшылар мен журналистердің деректері арқылы қалың жұртшылыққа жеткізілмек. Осы мақсатта Атырауда Тарих және археология институты қайтадан ашылып, жұмыс істейтін болады. Бұл құрылым тарихи ескерткіштерді зерттеумен және табумен, тізімге енгізумен айналысады. 
Шыңғыс Жұмабекұлы облыс әкімінің өлкенің тарихи мұрасын жұртшылыққа кеңінен жеткізу мақсатында көрсетіп отырған зор қамқорлығына ризашылығын білдіре келіп, экспедиция мүшелеріне сәт сапар тіледі.
Экспедицияның топ жетекшілерінің бірі «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау филиалының редакторы Елнұр Есмұратованың айтқанындай, Мақат ауданында басталатын алғашқы сапар Жылыой, Қызылқоға, Индер, Атырау қаласы, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарының елді мекендерінде жалғасады. Облыс тарихында бұрын-соңды болмаған жоба – 10 бөлімнен тұратын деректі фильм түсіріліп, онда тарихи-деректі және көркемдік құндылығы жағынан толыққанды дүние топтастырылатын болады. Бұдан басқа фильмді түсіру үшін арнайы шығармашылық топ жұмыс жасайды.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.
Суреттерді түсірген
Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*