Хайдар – біздің мақтанышымыз

Биыл осымен екінші мәрте Ақтау қаласында ұйымдастырылған республикалық «Аңызға айналған абыз» атты Әбіш оқуларында әріптесіміз, «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баспахана қызметкері Хайдар Қуанғалиев жүлделі екінші орынға ие болып, қаржылай жүлдемен марапатталды.

IMG_6454

Байқауда отыз жасқа дейінгі үміткерлер бақ сынады. Бірінші кезеңде жерлесіміз жатқа жазушының «Үркер» романынан үзінді келтірсе, екіншісінде атыраулық ақын Гүлзада Ниетқалиеваның абызға арнаған өлеңін нақышына келтіре орындап берді. Оның жоғары деңгейдегі дайындығы мен дарынына куә болған қазылар алқасы бірауыздан жүлдеге лайық деп таныды. Осы орайда, біз әріптесімізді құттықтай отырып, өзімен тілдесіп көргенбіз.

– Бұл жарысқа қатысудың өзі зор жауапкершілік жүктейді, – деді ол бізбен әңгімесінде. – Бұған дейін де талай додаларға қатысқан едім. Атап айтқанда, биыл телевизиялық «Жұлдыз» мегажобасында жартылай финалға жолдама алсам, облыстық «Жаңа толқын», «Таланттар әлемі» өнер фестивалдерінде және Индер ауданында өткен Оралхан оқуларында бас жүлдені қанжығама байладым. Ал, бұл жарысқа он күн бойы тыңғылықты дайындалдым.

Нәтижесінде, еңбегім зая кетпеді, – дейді бүгінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің экономика және заң факультетінде қаржы мамандығы бойынша білім алып жатқан студент.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*