Халық қауіпсіздігі – сенімді қолда

Облыс полицейлері Тәуелсіздік күнін атап өтті

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті.  Ол Қазақстанның Әнұранымен басталып, Республика Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың құттықтау хаты оқылды. Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады.

%d1%81%d0%b0%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d1%82%d1%82%d1%8b-%d1%88%d0%b0%d1%80%d0%b0

Аймақ басшысы еліміздің ширек ғасырда жүріп өткен жолына шолу жасап, жеткен жетістігімізді саралады. Аға буын өкілдерінің егемендіктің бастапқы баспалдағында бастан кешкен қиындықтарына тоқталды.

–  Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін, – деді ол, –  еліміздің қандай жағдайда болғаны белгілі. Бұрынғы қалыптасқан экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастар тоқыраған кезде қазақстандықтар Елбасымыздың бастамаларын қолдап, тығырықтан шығудың жолын іздеді. Әрине, қазір 25 жыл өткен соң барлығы оңай секілді көрінер. Ал, ол кезде бәрі де қиын еді. Қай бағытта жүреміз, қандай шешім қабылдаймыз, нендей іс атқаруымыз керек – соның бәрі белгісіз болатын.

Облыс әкімі одан әрі Елбасымыздың сын шақта қабылдаған шешімдерінің дер кезінде алын-ғанын уақыт дәлелдегенін айтты.  Соның нәтижесінде Қазақстан әлемдік қауымдастықта өзінің айшықты орны бар, дүние жүзіне өзін өнеге ретінде көрсете алған тәуелсіз мемлекет ретін-де дамып келе жатыр. Қазіргі таңда еліміздің бастамалары әлемдегі көптеген мемлекеттерге үлгі. Біздегі қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік – алауыздық пен араздық белең алған бірқатар елдің арманы.

%d1%81%d0%b0%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d1%82%d1%82%d1%8b-%d1%88%d0%b0%d1%80%d0%b03

Құқық қорғау органдары тә-уелсіз еліміздің сенімді қорғаушысы саналады. Ел тыныштығын сақтау жолында құрбан бол-ғандар да бар.  Олардың есімдерін кейінгі ұрпақ ұмытпауы тиіс. Елбасы бүгінде осы қоғамдағы тұрақтылықты, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға қойып отыр. Террорлық әрекеттерді болдырмау – басты міндет. Елбасының тапсырмасымен  ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын күшейтуге үлкен көңіл бөлінуде. Бюджеттен бөлінген қаражатқа қазіргі заманауи техника алынып жатыр.

– Құқық қорғау саласы қызметкерлері, – деді одан әрі Нұрлан Асқарұлы, өздеріне жүктелген ауыр да абыройлы міндетін мүлтіксіз орындап, халыққа және Елбасына берген антына беріктігін дәлелдеп келеді. Олар әркез сапта, жұрт-шылық ортасында.  Учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік полициясы  халықпен тығыз қарым-қатынаста. Сондықтан, өздеріңіздің біліктіліктеріңізді арттыра отырып, Елбасының сіздердің алдарыңызға қойған тапсырманы жоғары деңгейде орындау — ол сіздердің парыздарыңыз және міндеттеріңіз. Әрқашан биіктен көрініп, тә-уелсіз еліміздің көк байрағы аспанда желбіреуіне, қазақстандықтардың тыныш өмір сүруіне, өздерінің армандарын орындауына барлық жағдай жасауға баршамыз бірлесіп күш жұмсайық. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол, бір жерден ой шығарайық!

%d1%81%d0%b0%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d1%82%d1%82%d1%8b-%d1%88%d0%b0%d1%80%d0%b02

Салтанатта Елбасы Жарлығына сәйкес бір топ қызметкерге «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалі табыс етілді.

Жиналғандарды облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Аян Дүйсембаев та құттықтады. Ол Ішкі істер министрінің бұйрығымен «полиция полковнигі» атағын Арман Азғалиевке табыс етті. Бұдан басқа да бірнеше адам кезекті әскери шен алды. Тағы бір топ озат қызметкер «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, екінші дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен, Құрмет гратомаларымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Суреттерді түсірген:

Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*