Х.Досмұхамедов атындағы университетінде түлектерді жұмысқа орналастыру жәрмеңкесі өтті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде түлектерді жұмысқа орналастыруға байланысты жәрмеңке өтті.

18035658_751288541744893_1258191944_n_min

Шараның ашылу барысында университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры Гүлжан Жарасова сөз сөйлеп, жастардың еңбек жолының сәтті басталуына тілектестігін білдірді.

18072526_751288525078228_174474295_n_min

– Университет ұжымының алдындағы басты мақсат – кәсіби мамандар даярлап шығару. Қазіргі таңда білім, біліктілік талаптарына сәйкес жастардың қызметке орналасуына, тәжірибеден өтуіне біраз  мекеме, кәсіпорындар келісім берді. Бүгінгі жәрмеңке түлектерге таптырмас мүмкіндік боларына сенемін, – деді ол.

18072676_751288515078229_1195677227_n_min

– «Жәрмеңкеге  барлығы 125 жұмыс беруші мекеме қатысты. Биыл университетті күндізгі бөлімде оқитын 679 студент бітіреді. Педагогикалық мамандықтарды бітіргелі отырған 250 студенттің 100-і қазірдің өзінде мемлекеттік педагогикалық тәжірибеден өту нәтижесінде жұмысқа қабылданған. Ал, «Жас маман-2017» жәрмеңкесі нәтижесінде тағы 62 бітіруші түлекті жұмысқа орналастыруға мүмкіндік туды. Сондықтан, студенттердің жұмысқа орналасу жәрмеңкесін жыл сайын өткізіп келеміз. Биыл жәрмеңкені жеке-жеке факультетке бөліп емес, түрлі мамандықтарды біріктіріп кең көлемде ұйымдастырдық» деді университеттің құзыреттілік және мансапты жоспарлау орталығының директоры Данагүл Баймашева.

18073599_751288518411562_87595354_n_min

Жалпы жәрмеңкеде математика, физика, информатика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, дефектология, музыкалық білім, бейнелеу өнері және сызу, дене шынықтыру және спорт мамандықтарына сұраныстың жоғары екендігі байқалды.

18110766_751288555078225_2051971578_n_min

Соңғы жылдары түлектердің мамандығына сай қызметке орналасуына мүмкіндік жасалып жатыр. Осындай игі шараны ұйымдастырушы ұжымдарға алғыс білдіремін, – деді журналистика мамандығының студенті Әсем Сырғабаева.

Абай АҚМҰРЗИЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*