Грант әділ бөлінсе…

Орта арнаулы білім ордаларында грант бөлуге енді байқаушы ретінде қоғамдық ұйым өкілдері де қатыса алады. Конкурстық комиссия қызметін мейлінше ашық, әрі әділ өтуін бақылау мақсатында қолға алынған жобаға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Білім және ғылым министрлігі ұйытқы болып отыр. Жуырда  агенттік департаментінің басшылығы жергілікті колледж, үкіметтік емес ұйым жетекшілері және бизнес иелерімен кездесу өткізіп, грант бөлуге үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды.

grant

Бүгінгі таңда елімізде жиі талқыланатын мәселелердің бірі – білім саласы, оған бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуы. Сондықтан, білім сапасының жақсаруы үшін тек қана мемлекеттік органдардың қызметімен шектелмей, жасалған жұмыстардың ашықтығын көрсету мақсатында қоғамдық ұйымдарды, мүдделі тұлғаларды осы салада жүргізілетін шараға мейлінше көбірек тарту қажет, – деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департамент басшысының уақытша міндетін атқарушы Руслан Тұңғышбаев.

Қазір облыс көлемінде 25 кәсіптік және техникалық арнаулы білім беру ұйымы, яғни 8 жекеменшік, 17 мемлекеттік колледж, үш жоғары оқу орны бар. Биыл аталған 25 колледжге мемлекет тарапынан 216 миллион 798 мың теңге көлемінде мемлекеттік тапсырыспен грант бөлінген болатын. Облыстық білім беру басқармасының мәліметіне сәйкес, тамыз айының 10-ынан бастап барлық колледжде комиссия өз жұмысына кірісіп, мемлекеттік тапсырыстарды бөлу басталады. Агенттіктің бастамасымен республика көлемінде гранттарды бөлу комиссиясына азаматтық қоғам өкілдерінен бақылаушы қатыстыру жұмысы жүргізілуде. Енді бұл процесс орта арнаулы оқу орындарында да жүзеге аспақ. Бұл үшін колледж басшылығы комиссия жұмысына байқаушыны қатыстыруды қамтамасыз етіп, процесстің әділ, әрі ашық өтуіне жағдай жасауы тиіс.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*