Германиядан келген профессор-отоларинголог шеберлік сыныбын өткізуде (+ФОТО)

Басты жаңалық Жаңалықтар Медицина

Атырау қаласындағы темір жол ауруханасында Германиядан келген профессор-отоларинголог Хённинг Хойман шеберлік сыныбын өткізуде.  

352879b1-7dd0-432c-b804-cac8212e4842

b69f0bd6-6703-4ab9-b6d5-be90f92069ca

Аурухана дәрігерлерінің айтуынша, мұнда халық денсаулығын және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында отоларингология саласы бойынша жоғары мамандандырылған көмек көрсету кеңінен қолданылып келеді. Соның бірден-бір көрінісі неміс профессорларымен өзара ынтымақтастық орнатылып, шетелдік ақхалаттылар бүгінде  есту қабілеті бұзылған науқастарға ота жасауда.

c3a480d2-7ac1-45d4-9a6b-c9801af6388c

bb58537d-c560-4bdc-b81f-49d2391421ee

– Штутгарт қаласынан келген неміс профессоры екі күннің ішінде жиырмадан астам науқасты қабылдап үлгерді. Жасалған оталар сәтті аяқталып, науқастар мен олардың туыстары сала қызметкеріне ризашылықтарын жеткізді. Жалпы, шеберлік сыныбына жергілікті мамандар мен көршілес Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының білікті отоларингологтары да қатысуда. Ал, шетелдік маман мұндай оталарды жергілікті дәрігерлердің де жасап жүргенін және шеберлік сыныбының нәтижесінде олар ендігі уақытта күрделі оталарды жүргізе алатынына да сенім білдірді, – дейді аурухананың ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Динара Аманғалиева.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *