Біздің Айбөпе – ЖҮЛДЕГЕР!

Газет және оқырман Жаңалықтар

Atr.kz/26 қараша, 2019 жыл. «Түркітілдес журналистер қорының» ұйымдастыруымен, «Халық банк» АҚ демеушілігімен өткен «Еркін сөз – 2019» шығармашылық байқауында «Атырау» газетінің құқық қорғау және экология бөлімінің меңгерушісі, әріптесіміз Айбөпе Сабырова жүлделі екінші орынды иеленді.

Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған сайыста әріптесіміз бірінші рет бағын сынады. Бұған дейін экономика, мұнай, қаржы саласы бойынша тәжірибе шыңдап, кейін құқық тақырыбында қалам тербеп жүрген ол болашағынан зор үміт күттіретін талантты жастың бірі. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қаржы саласына бейімдей отырып, қарапайым халыққа банк, қаржы туралы кеңінен мәлімет беру мақсатындағы байқауда «Үздік телесюжет», «Үздік мақала» аталымы бойынша жеңімпаздар анықталған.

Ал, Айбөпе Сабырованың газетімізде жарияланған «Біреу жадырап, біреу жабырқап жүр» тақырыбындағы банктердің заңсыз комиссиясы туралы мақаласы «Үздік мақала» аталымы бойынша екінші орынды иеленді. Барлық облыстан қатысқан журналистер арасынан жүлдеге лайықты деп танылған әріптесімізге шығармашылық шабыт тілейміз!

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *