Фаризаның жырын оқып, смартфон ұтып ал!

Қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Халық жазушысы – Фариза Оңғарсынованың отты жырларын сүйіп оқымайтын қазақ кемде-кем шығар, сірә. Жырсүйер қауым үшін ақиық ақынның жырын оқып, сыйлыққа соңғы үлгідегі смартфон ұтып алу мүмкіндігі туып отыр.

«Әдебиет порталы» Фариза Оңғарсынова атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ІІ республикалық интернет-байқауын өткізетіні туралы жариялады. Байқаудың мақсаты – халықтың  жүрегінен орын алған поэзия падишасының өлеңдерін жастар арасында насихаттау, қазақ әдебиетін интернет арқылы дамыту, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу. Жыр бәйгесіне қатысушылар Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін өзі оқып, оған бейнеролик жасау арқылы қатыса алады.  Байқау шарттарымен толығырақ adebiportal.kz сайтынан таныс бола аласыз.

Портал байқау жеңімпаздарына мынадай жүлде тағайындап отыр: Бас жүлде – Samsung Galaxy А5 смартфоны және ақынның 12 томдық жинағы; І орын – Samsung Galaxy А3 смартфоны; ІІ орын – Samsung Galaxy J5 смартфоны; ІІІ орын – Samsung Galaxy J5 смартфоны және басқа да ынталандыру сыйлықтары бар. Байқауға ұсынылатын шығармалар 2017 жылғы 1 желтоқсанға дейін жолдануы керек. Интернет-байқаудың жеңімпаздары 2017 жылғы 25 желтоқсанда ақынның туған күніне орай ұйымдастырылатын еске алу кешінде марапатталады.

Н.Нұртай

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*