ФАРИЗАҒА

Өзіңмен қоштасуға бара алмадым,
Сен кеткелі ойымнан бір қала алмадың.
Тірлікте сыйлас болдың, құрмет көрдің,
Ел-жұртыңа, Фариза-ау, қымбат болдың!
Қазақ елі Өзіңді аса құрметтеді,
«Өлең-жырдың Падишасы» деп атақ берді.
Сенің айтқан мәрт сөздерің естелік,
Мәңгі бақи қалсын есте – осылай!
Сен жазған сөз – түсінгенге ұрандай,
Ол қаруың – қолға алған құрандай.
Әділ сөздер, дәмді сөздер мәртебе,
Сол күйіңмен өттің, қалқам құралай!
Қош бол, сіңлім, өжет қызы қазақтың,
Бірде қатты, бірде тәтті мінезіңді таныттың.
Адамзаттың барар жері – осы жер,
Риза боп бар, өскен елге, туған жерге!
Мелләт САБЫРҚЫЗЫ,
еңбек ардагері, қоғам қайраткері,
Атырау қаласы.

Суретте: Фариза Оңғарсынованың облыстық газет редакциясындағы кезі. 

(М.Сабырқызының жеке мұрағатынан).

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*