«EXPO» көрмесінде елордадағы іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстаған 22 атыраулық полицей марапатталды  (ФОТО)

Қызметін абыроймен атқарып, туған жерге оралған Атырау сақшылары ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың алғыс хатына ие болды. Олар Астанадағы көрме кезінде қауіпті қылмыскерді қолға түсірген көрінеді.

фото7

Атырау ОІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұрлыбек Кушенов департамент бастығының тапсырмасымен «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізуге атсалысқан қызметкерлерді марапаттады.

Төрт айға жуық Астана қаласында іссапарда болған 22 адам қоғамдық тәртіпті сақтауда, тіпті, елордадағы іздеуде жүрген қылмыскерлерді құрықтауға үлес қосып, өздеріне жүктелген міндеттерді адал атқарды. Жеке құрамға Атырау ОІІД бастығы Аян Дүйсембаевтің алғысын жеткізген басқосу төрағасы әр қызметкерге абыройлы еңбек тілеп, алғыс хаттарын табыс етті.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*