ЕСТЕ ҚАЛАР ЕРЕКШЕ КҮН

 

Үш күнге созылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің бағалары тұтынушылардың көңілінен шығарлық. Сиыр еті 900, қой еті 1000 және жылқы еті 1100 теңгеден сатылды. Ал, «Карат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жәрмеңкеге қалбырдағы бұқтырылған ет өнімдерін әкеліпті. «Умбетов» жеке кәсіпшілігі атақты «Аннушканың» кондитерлік өнімдерін ұсынды.

Жергілікті «Печка пироговая», «Махамбетова Т.С.» жеке кәсіпшіліктері «Асыл дәм» Құрсай шағын наубайханасының пешінен жаңа ғана шыққан ыстық нан өнімдеріне халықтың сұранысы жоғары болды.

Мереке күндері кешкісін облыс пен қала өнерпаздары Исатай-Махамбет алаңында үлкен концерттік бағдарламаларын ұсынды. Сонымен бірге, Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония әртістері дайындаған ән-шашу да көрерменді тәнті етті.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суреттерді түсірген  А.АБДОЛОВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*