Еске алу турнирі өтті

«Ретро парк» саябағында облыс жастарының көшбасшысы болған «Жас Отан» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Асқар Бопылдықовты еске алуға арналған студенттер арасында І облыстық ашық шахмат турнирі болып өтті.

турнир шахмат

 Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа өңіріміздегі жоғары және арнаулы орта оқу орындарының 30-ға жуық студенттері қатысты. Турнирдің салтанатты ашылуында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар және әлеуметтік бастамаларды қолдау бөлімінің басшысы Жаннат Сабырғалиева, облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Ринат Ғилажевтар сөз алып, Асқар Төребайұлының жасындай жарқырап өте шыққан қысқа ғұмырының жарқын шақтарын  тілге тиек етті.

Шаршы тақтада өткізілген ойындар олимпиадалық жүйемен  шахматтың «рапид» түрі бойынша өткізіліп, әр партияда бір ойыншыға 15 минут уақыт берілді. Турнир қорытындысында қыздар арасында Атырау  инженерлік-гуманитарлық институтының студенті Жұлдыз Елеусін жеңімпаз атанса,  ұлдардың сайысында Каспий өңірінің қазіргі заманғы  жоғарғы колледжінің студенті Нұрбек Хайрошев жеңіс тұғырынан көрінді.

Мұратбек Жаңабай

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*