Ертең Халықаралық форум аясында маңызды Меморандумға қол қойылады

Атырауда өтіп жатқан «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форум аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Ұлттық дәстүрді жандандыру арқылы қоғамдық сананы жаңғыртуды көздейтін маңызды шараның жас буын ұрпаққа берері мол.

sirketkurma-800x445

Осы орайда, ертең Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебіндегі «Рухани жаңғыру» кіші жобалық кеңсесінде үшжақты Меморандумға қол қойылады. Нәтижесінде, Исатай ауданы, Жанбай ауылындағы Х.Нәубетов атындағы орта мектептің оқушылары енді Халықаралық білім ордасында білігін жетілдіріп, тәжірибесін шыңдауға мүмкіндік алмақшы.

Жаңа жоба жүйелі жүзеге асса ауылдағы мектеп оқушылары қалаға келіп, робот техникасы, нанотехнология, биология һәм экология бағытында методикалық білім нәрін сіңіреді.

Сондай-ақ, аталған форум шеңберінде Назарбаев зияткерлік мектебінде жаңа кітаптың тұсаукесері өтеді деп жоспарлануда. ҚР Мәдениет қайраткері Абат Кенжеғалиевтің «Ұлы дала ұлағаты» атты туындысы оқырман қауымға жол тартады.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*