ЕРКЕ ЕСІЛДІҢ БОЙЫНДАҒЫ БАС ҚАЛА

Бәріміздің сөзсіз келісетін бір тұжырымымыз бар, ол – Елбасымыздың көрегенді саясаты. Егер Нұрсұлтан Әбішұлы алды-артын ойламайтын адам болса, еліміздің астанасын сонау Ақмолаға көшірер ме еді? Әрине, жоқ. «Соншама қаражатты шығындап қайтеміз!?» деп, сол баяғы Алматыда тұра беруге де болар еді. Бірақ, ол кісі бәрін әріден ойлады, халыққа, оның болашағына зор мән берді. Сөйтіп, қанша жерден қиын болса да, тыңнан қала тұрғызды. Қала болғанда қандай – жұрт тамсанатын, қонақтар таңдай қағатын, көрерге көз керек көрікті де келісті қала! 
Бұрын-соңды елімізде болмаған жаңа нысандар мен ғимараттар да, білім ордалары мен мәдени ошақтар да сонда. Менің өзіме, әсіресе, Елбасымыздың қолдан орман мен тоғай жасау жоспары қатты әсер етті. Жүздеген, мыңдаған гектар алқапты алып жатқан жерге тал мен ағаш егіп, оны уақытымен баптау, сөйтіп, санаулы жылдарда ит тұмсығы өтпейтін қалың орман жасау үлкен жұмыс емес пе?! Сондықтан да мен Астананы Елбасымызсыз, оның жүргізіп отырған сарабдал саясатынсыз елестету мүмкін емес деп ойлаймын. Отанымыздың жүрегі саналатын бас қалаға барған сайын менің төбем көкке жетіп, осындай бейбіт елде тұрып жатқанымды мақтан етемін!

Қайролла ЖҰМАҒАЗИЕВ,
облыстық Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының инспекторы,
полиция аға лейтенанты.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*