ЕРІНБЕЙ ЕТКЕН ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ

Олардың легінде біздің жерлесіміз, екі жылдан бері Атырау өңірін басқарып отырған – әкіміміз Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды деген хабарды естіп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінен оқып, біздер – аға буын өкілдері, ардагерлер асқан қуанышқа кенелдік, себебі, бұл награда – осында тұрып, елдің байлығын молайтып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге атсалысып жүрген азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың, аға буын, зиялы қауымның еселі еңбектерінің бағаланғаны деп қабылдаудамыз.
Бұл награда Бақтықожа Салахатдинұлының өнегелі өмір жолына, еткен еңбегіне лайықты берілген баға деп түсінеміз. Сондықтан, біздер, Атырау қаласының барша тұрғындары, ардагерлері атынан облыс әкімінің осы жоғары дәрежелі награданы алғашқылардың бірі болып алуымен шын жүректен құттықтаймыз. Елбасының, туған еліңнің сенімін алға қарай да ақтап, алғысқа бөленіп, табыстан табысқа жете беруіне тілектеспіз.
Келе жатқан жаңа 2014 жыл құтты, берекелі, табысты, молшылық жылы болып, облысымыз барлық көрсеткіштерден республикадағы алдыңғы қатардан көріне бергей деп тілек етеміз.

ҚҰРМЕТПЕН,
Атырау қаласының соғыс және еңбек ардагерлері мен Атырау қаласының Құрметті азаматтары.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*