Энергетика министрлігі бензиннің шарықтауын елдегі көліктердің көптігімен түсіндірді

Энергетика министрлігі бензиннің шарықтауын елдегі көліктердің көптігімен түсіндірді деп хабарлайды КТК арнасы.

4410828

Өйткені, соңғы 15 жылда машина саны 1 жарымнан 4 миллионға бір-ақ жеткен. Сондықтан тұтыну көп болғандықтан сұйық отын жетпей жатыр екен.

 Ал жетпеген жанармай Ресейден тасымалдануда. Осы тапшылықты жоюы тиіс еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуі биыл бітуі керек.

Жоспар өзгеріп кетпесе, 2018 жылдан бастап ішкі нарық жүз пайыз отандық өніммен қамтылмақ. Тағы бір айта кетерлігі, АИ 80 маркалы бензинді шығару бұдан былай тоқтатылады. Сұйық отынның бұл түрі тек тапсырыс бойынша өндірілмек.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*