Енді еліміздің барлық мектептерінде Қазақстан географиясы оқытылмайды

349B71DA-8DCD-49FA-9846-261F3BBEAEB3_w1080_h608

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде Қазақстан географиясы оқытылмайды.

Оның орнына жалпы география пәні басатын болады. Осылайша, оқулықтар арасынан Қазақстан географиясы деген пән жоғалмақ. Білім және ғылым министрлігінің көздегені не? Министрлік мамандардың жағдайын неге ойламайды?

Жаңартылған бағдарламаға сай жеке оқытылып келген пән жалпы географияның құрамына еніпті. Еліміздің географтары осылай деп дабыл қағуда. Осы уақытқа дейін Қазақстанның физикалық, экономикалық географиясы деген атаумен 8-9 сыныптар оқытылып келген пәнге жаңа министрдің не себепті шүйліккенін ұстаздар қауымы түсіне алмай дал.

Бұл мәселеге алаңдаған ұстаздар қауымы Білім министріне хат жолдаған. Еліміздің бас мұғалімінен келген жауапқа қанағаттанбаған мамандар, Президент әкімшілігінен араша сұрапты. Бірақ екі бірдей жауапты көрген педагогтардың төбе шашы тік тұрған.

Ал жоғарғы оқу орындарының ұстаздары онсыз да еліміздің географиясын маңдытып білмейтін жастар бұл пәнді ғылыми тұрғыдан қалай оқиды деп алаңдауда. Сондықтан ең бірінші өз елінің табиғи ерекшеліктерін оқытуға басымдық беру керек деп есептейді.

Ұстаздардың жанайқайы халық қалаулыларына дейін жетіп, депутаттар Білім министрі мен Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған. Ведомства басшылығынан «пәннің аты өзгергенімен, заты қалды, керісінше заман талабына сай жаңартып, толықтырдық» деген жауап алған. Бірақ қазақ деген сөзді қимағанына қынжылып отыр.

«Ішін-мазмұнын жаңартсын, мағынасын өзгертсін, бірақ атауын неге сақтап қалуға болмайды. Оған сай кітап та барлық дүние де бар ғой. Ал енді қазір атауы өзгертілген жерде жаңа кітап шығады. Бәрін қойған күннің өзінде 8-9-10 сыныптарға типтік жоспары әлі бекітілген жоқ, сол жерге неге жазуға болмайды десек, оған да қиынсынады» – дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова.

Жалпы әлемнің барлық мемлекеттері ең бірінші кезекте өз елінің географиясын оқытады екен. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан тіпті жер көлемі бір ауданның көлеміне тең келетін Израильдің өзі өз географиясына екі жыл оқытады. Географтар қыркүйек айына дейін министр райынан қайтады деп үміттенеді.

Хорлан Смадияр

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*