Енді атыраулық дін өкілдері медиатордың рөлін де қоса атқаратын болады

Атырау облысы сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов дін саласы өкілдерімен кездесті. «Кездесуге Атырау облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иман-ғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров және «Успен соборы» православиелік шіркеуінің протоиерейі Александр Козулев қатысты», деп хабарлайды орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

????????????????????????????????????

Басқосу барысында Атырау облысы сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов тұрмыстық дауласу көрсеткішінің жоғарылап бара жатқандығын, сәйкесінше ажырасу жағдайының көбейгендігін айтты.

«Дәстүрлі діндердің ұлттық бірлікті  қалыптастыруда және ұлттық моральдық денсаулықты қамтамасыз етуде атқаратын рөлі зор. Өткен замандарда бейбіт өркениеттерде даулар данагөйлер, мешіт және ғибадатхана өкілдерінің көме-гімен шешіліп отырған. Біздің мақсатымыз – татуластыру тәжірибесін қайта қалыптастыру», – деп атап өтті спикер Марғұлан Бектұрғанов.

Нәтижесінде дін саласы өкілдері медиация тәжірибесін дін мекемелерінде кеңірек насихаттау туралы бастаманы қолдады.

«Медиация институты үлкен маңызға ие. Қай кезеңде де медиация қоғамның дамуын қамтамасыз етіп отырды. Бүгінгі медиация кешегі билер институтының заңды жалғасы. Исламның өзі тұрақтылықты, бірлікті ту еткен дін. Әдетте, мешітке өзара түсінбеушілік, отбасылық жанжал мәселесі бойынша кеңес сұрап келіп жататын азаматтар бар. Ынтымақтастық туралы Меморандумсоттың, сонымен бірге, дін саласының жұмысын жаңа деңгейге көтеретініне сенім мол», – дейді Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров.

Кездесу соңында тараптар Меморандумға қол қойды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*