Елордалық шығармашылық ұжым Атырауға келді

Елордалық өнерпаздардың Қазақстанның қалалары бойынша гастрольдік туры жалғасуда. Бұл Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Осыған орай, 22-24 мамыр күндері Астананың мәдениет күндері Атырауда өтеді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

20180512174043__0AV7708

Бүгін «Астанадан ақ тілек» концерті облыстық халық шығармашылығы орталығында (бұрынғы “Жастар” мәдениет сарайы) ұйымдастырылады. Сахнада Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымдары өнер көрсетеді. Атап айтқанда, «Сарыарқа» халық музыкасы, эстрадалық би, «Шалқыма» би ансамбльдері, сондай-ақ классикалық және эстрадалық вокал солисттері. Концерт сағат 19.00-де басталады.

Ал 23 мамыр күні облыстық халық шығармашылығы орталықта (бұрынғы “Жастар” мәдениет сарайы) өтетін «Елордадан елге сәлем» концертіне “Қазақ” оркестрі, «Шалқыма» халық би ансамблі, халық ән бөлімі және классикалық және эстрадалық вокал бөлімі өз өнер көрсетеді. 24 мамыр күні сағат 19.00-де «Астанадан ақ тілек» атты ГАЛА концертке Ринат Малцагов, Клара Төленбаева сынды эстрада жұлдыздары, «Арт-Домбыра» триосы қатысады деп күтілуде.

PHOTO-2018-05-12-20-39-25

Екі күн бойы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде сағат 10.00-ден кешкі 20.00-ге дейін бейнелеу өнерінің «Ақ тілекпен, Астана» көрмесі жұмыс істейді. Көрменің салтанатты ашылуы 15.00-де басталады. Экспозицияға отандық суретшілердің 100-ден аса туындысы шығарылады. Оның ішінде С.Смағұлов, М.Бекеев, Р.Құлбатыров, С.Аллабергенов, Н.Қаржасов және тағы басқалары бар.

Сондай-ақ, көрмеде Жанна Спунердің жеке коллекциясынан алынған еңбектерді, астаналық шеберлердің мүсіндері мен картиналарын көруге болады. Елордалық көрмені тамашалауға келген қонақтар отандық қылқалам шеберлерінің шығармашылық әлеуетіне, олардың даралығы мен кенепте көрініс тапқан қоршаған ортаны бейнелеу өнерлеріне өз бағасын береді. Көрмеде Өмірбек Тілеулиевтің «Елім-ай» сериясы көпшілік назарына ұсынылады. Оның еңбектерінен қазақ халқының өткенімен танысуға болады.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*