Елімізде жанармай бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда жанармай бағасы тағы қымбаттайды деп күтілуде. Себебі, шикі мұнайды өңдеп отырған еліміздегі үш зауыттың бірі – Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты деп хабарлайды КТК арнасы.

41a42664c4ad0c6b49d4a78715a

Кәсіпорын қыркүйектің аяғына дейін толық жөндеуден өтпек. Бұған қалтаға тағы салмақ түсе ме деп тұрғындар алаңдаулы. Өйткені, толық тұрмақ, зауыт жартылай жөндеуге жабылғанда жанармай тапшы болатынын талай көрген.

Дегенмен, басшылық ешқандай тапшылық болмайды деп сендіруде. Өйткені, жанармайдың жеткілікті қорын да жасап қойыпты.

“Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу – жанармай нарығына мүлде әсер етпейді. Себебі, біздегі резервуарларда республиканың ішкі нарығын толық қамтамасыз ететін жеткілікті қор бар. Яғни, әр айға белгіленген норма орындалып тұр”, – дейді «Атыраумұнай өңдеу зауыты» өндіріс бойынша бас инженері орынбасарының міндетін атқарушы Роза Юнусова.

Зауыт басшылығы осылай деп сендіргенімен, тұрғындар бұған илана қойған жоқ. Еліміздегі үш бірдей мұнай өңдеу зауыты толық істеген күннің өзінде жанармайдың көп бөлігі әлі сол Ресейден тасымалданып жүр. Сондықтан, тұрғындар баға көтерілмейді деп басу айтқандарға сенгісі жоқ.

“Қымбаттауы мүмкін-мүмкін. Тоқтатсын-тоқтатпасын қымбаттайды. Атырау ғой бұл”, – дейді Атырау қаласының тұрғыны Ержан Әлкенов.

Ал зауыттағы бүгін басталған күрделі жөндеу жұмыстары қыркүйектің 29-ы күні аяқталады деп жоспарланған. Осы уақыт ішінде барлық ескірген қондырғылар жаңартылып, технологиялық пештер мен құбыр өткізгіштерге толыққанды жөндеу жүргізілмек. Бұл өз кезегінде алдағы уақытта алынар мұнай өнімдерінің сапалы болуына әсер ететін көрінеді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*