Елімізде тағы бір телеарна ашылады

Қазақстанда жастарға арналған Jastar1 телеарнасы қосылады. Бұл туралы «Байтақ Болашақ» РҚБ президенті Азаматхан Әміртай Фейсбуктегі парақшасына жазды.

b9aa268a4b67acb3fd2a181214a537c9_XL

«Наурыз айында елімізде Jastar 1 жаңа телеарнаның тұсауы кесілмек. Онда қазіргі жастарға ең қажетті, ең пайдалы бағдарламалар көрсетілмек. Телеарнаның негізін қалаушы – тәжірибелі медиаменеджер Ілияс Башарұлы Ысқақов. Кезінде «Қазақстан» Ұлттық арнасының ең сапалы жобаларын іске қосқан ағамыз. Енді бар күшін аталған арнаға салмақ», – деп жазды ол.

«Байтақ-Болашақ» альянсы да телеарнаның ашылуына өз үлесін қосты. Тәуелсіздік кезіндегі жеке азаматтардың үлесімен ашылып отырған бірінші қазақ телеарнасы! Сонымен, жаңа жылда жаңа арнаны көріңіздер!» – деп оқырман қауымды жаңа жылда жаңа телеарнаны көруге шақырды.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*