Елімізде бензин құны тағы да шарықтамақ

Бензин биыл тағы қымбаттайды. Ресми мәлімет тарамаса да, сарапшылар осындай болжам жасап отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

pogudx3hl65tkt79vg.97c5e8be

Жанармай бағасының сәт сайын қымбаттауы қоғам үшін үйреншікті жайт болып кетті десек, артық айтқандық болмас. Жыл басталғалы бері екі ай ішінде баға екі рет көтерілді.

Отандық сарапшылар жанармай бағасының осы қарқыннан таймайтынын айтып отыр. Өйткені көктемгі және күзгі егістік науқанын айтпағанның өзінде, бұған басқа да себептер бар.

“2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нарығы қалыптасуы тиіс. Соған сәйкес, жанармай мен басқа да тауарлар бағасы баршаға ортақ болуы керек. Біздегі жанармай құнының Ресей нарығының бағамына жақындап келе жатқаны содан”, – дейді экономикалық сарапшы Сергей Смирнов.

Тағы бір себеп, мемлекет Атырау, Шымкент және Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарын қарыз ақшаға жаңалап жатыр. Ал оны пайыздық үстемемен қайтару керек. Ол да қарапайым көлік жүргізушілерінің есебінен жабылатын сияқты. Екіншіден, мемлекет бағаны көтермей бір межеде ұстап тұрса, кейін бұның кері әсері болуы мүмкін дейді сарапшылар.

Көрші ел нарығының кесірінен бензин бағасын көтеруге мәжбүр болып отырғанын жақында Энергетика министрі Бозымбаев та мойындаған болатын. Демек, Ресей нарығына тәуелді болғандықтан, жанармай қымбатшылығынан қашып құтылмайтынымыз сөзсіз. Тек қалтаны қатты жұқартпас үшін баға бірден шарықтамай, қымбаттату процесі баяу ғана жүргізілуі мүмкін.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*