Балаларды 1-сыныпқа қабылдау ережелері өзгерді

ҚР Білім және ғылым министрі балаларды 1-сыныпқа қабылдау ережесіне өзгеріс енгізді.

zhas

“Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес, жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын жеті жасқа толған және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді”, – делінген баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Қыркүйек-желтоқсан айы аралығында туған балалар осы жылы 1-сыныпқа бара алады. Өйткені, олар жыл соңына дейін 6 жасқа толып үлгереді.

Бұрындары 1-сыныпқа қабылдау үшін мекенжай анықтамасын өткізу керек болатын. Қазір ол талап алынып тасталды. Осы ережеге сай баланы 1-сыныпқа қабылдамай жатса, жергілікті білім басқармаларына шағым айтуға болады.

Құжаттарды 1 маусым мен 30 тамыз аралығында қабылдайды.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*