Еліміз бойынша ең жоғарғы жалақыны Атырау облысы алады

2018 жылдың екінші тоқсанында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 162 751 теңге болды. Атаулы жалақы индексі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 108,5%-ға, нақты жалақы индексі 102,2%-ға тең болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.

photo_145398

Салалық құрылымдар бойынша ең үлкен атаулы жалақы:

қаржы және сақтандыру қызметінде – 335,3 мың теңге;  (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе артты);

кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 273,2 мың теңге (1,7 есе артты),;

өнеркәсіп саласында – 224,7 мың теңге (1,4 есе артты);

ақпарат және байланыс саласында – 238,4 мың теңге (1,5 есе артты);

құрылыс саласында – 212,8 мың теңге (1,3 есе артты) байқалды.

Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде болып шықты – 93,7 мың теңге, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 42,4%-ға төмен.

2eed54cb8fa81e2444dff026eb968ed4

Өңірлер бойынша ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 291,3 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есе жоғары. Жамбыл облысында ең жоғары айлық еңбекақы көлемі 111,2 мың теңге болды, еліміз бойынша бұл орташа деңгейден 31,7%-ға төмен.

Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

1 комментарий

  1. еркебулан

    орташа жалақы 75000болады онын кредиты бар айсайын үкіметке толейтіні бар свет су газ т.б жылуды коспағанда сонда колына тиетіні 20-25мындай оған тамак алама балашағасына киім мен мектеп кұралдарын алама соны ойламайма

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*