Электронды қызметке қолжетімділік артып келеді

Елбасы Жолдауының сегізінші бағытында мемлекеттік қызметтерді сапалы және электронды түрде көрсетуге көшу керектігін айтты. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылғаны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департамент жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмысшы тобының кезекті отырысында талқыланды.

photo_119484

Жиынды аталған департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов жүргізіп отырды. Алдымен, Қызылқоға ауданының әкімі Арман Баженов жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қызмет барысына тоқталды.

– Былтыр ауданның 14811 тұрғынына көрсетілген қызметтің жартысы – қағаз түрінде. Ал, электрондық сандық қолтаңба алғандар – 1053.  Халыққа қызмет көрсету орталығының жанынан құрылған мобильдік топ айына екі рет елді мекендерге шығып тұрады. Бір айта кетерлігі, Көздіғара, Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға, Тайсойған ауылдық округтеріндегі ғаламтор желісінің жылдамдығы төмен болуы кедергі келтіруде. Кейде бір анықтама алудың өзі бір сағатқа созылып кетеді. Осы орайда, 2018-2019 жылдары «ҚР-ның 250-ден астам тұрғыны бар ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамту» жобасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізілмек, – деді А.Сырымұлы.

Осыдан кейін баяндама жасаған облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Берік Амангелді техникалық себептерге байланысты ақпараттық жүйенің жиі бұзылатынын жеткізді.

Былтыр 540328 адамға  қызметтің 26 түрі көрсетілсе, – дейді ол,соның 23-і мерзімінен кешіктірілген. Бұл мемлекеттік қызметтерді белгілейтін бұйрықтардың бірбіріне қайшы келмеуінен орын алған. Жауапты қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Көбінесе, стандартпен белгіленбеген құжаттар сұратылады. «Елизцензиялау мемлекеттік деректер қоры» және «Мониторинг» ақпараттық жүйелері іске қосылды. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының облыстық орталығы бұл жұмыстарды аудандарда да жүргізетін болады. Ендігі мәселе – «Автопоиск» автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесін салық басқармасының ішкі базасымен біріктіру. Аталған жүйе «Алексо» ЖШСне жүктелгенімен, жұмыс қалыпты жағдайға түспей отыр. Сол себепті, азаматтар автокөліктерін тіркеу, есептен шығару кезінде салық комитетіне барып, бережағы жоқтығын куәландыратын құжаттар алып келуге мәжбүр. Осы мәселе шешімін тапса жақсы болар еді.

Ал, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Ришат Әліпбаев мемлекеттік қызметтің бес түрі, яғни, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарын лицензиялау, сараптау, инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау жүргізілетінін жеткізді.

Жалпы, мамандардың айтуынша, қызмет берушілердің біліктілігінің төмендігі, тұрғындарды сауаттандыру мен ақпараттандыру жұмыстарының аздығы қарапайым қызметтің қолжетімсіздігін тудырып отыр. Мәселен, Исатай аудандық әкімдігімен біліктілік арттыру жұмыстары мүлде жүргізілмеген. Түсіндіру жұмыстары бойынша Махамбет ауданы (128 шара) көш бастаса, Қызылқоға ауданында (38) бұл көрсеткіш төмендеген.

Бүгінде облыстың барлық 72 ауылдық округінде компьютерлер орнатылып, электронды қызмет көрсетілуде. Бұл бағытта да Махамбет ауданы алда келеді, төмен көрсеткіш – Жылыойда. Басым бөлігі мекен-жай және азаматтың соттылығы туралы анықтамалар. Сондықтан әлеуметтік, денсаулық, жер және тұрғын үй қатынастары саласындағы қызметтерді арттыру керек-ақ.

Амандық Сағынтайұлы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*