Электриктер неге наразы?

Өндірісте жұмыс орындары қысқартылып, жазатайым оқиға неге жиілеп кетті? Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің төрағалығымен өткен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысында жан-жақты талқыланды.

horoshi_elektrik

Алдымен жұмыстан босатылған қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шаралары туралы облыс бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров баяндады.

– Жыл басында «Теңіз» вахталық кентінде «Кентек Казахстан Техникал Сервисес» (ККТС) ЖШС-нің 228 жұмысшысы (электриктер) жалақыны өсіруді талап етіп, наразылық білдірді. Нәтижесінде жалақыны 12 пайызға өсіру жайында меморандум жасақталды. Бүгінде облыста «Модерн Электро» ЖШС-нің 66 қызметкері үшін 2015 жылдан бері 6,5 млн. теңге еңбекақы берешегі бар. Бұл ұйымға келісім-шартты орындамағаны үшін 169 680 теңге көлемінде айыппұл салынды. Биыл өндірісте 12 жазатайым оқиға тіркеліп, үшеуі қайғылы аяқталды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп, төрт ұжым 2 000 042 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды, – деді ол.

Осы ретте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Балдай Өтеғалиева биылғы сәуірде жұмыс көлемінің едәуір азайғанын атап өтті. Осыған байланысты, алты мекемеден 127 адам жұмыстан қысқартылған. Оның бірі жеке кәсібін ашып, бірі өз бетімен еңбекке араласса, енді бірі жұмыспен қамту орталықтарына мүлде хабарласпаған. «Биыл «Синопэк Инжиниринг» мекемесінің еліміздегі филиалымен 300 адамды Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды терең өңдеу жобасы бойынша жұмысқа орналастыру жөнінде келіссөздер жүргізілмек. Осыған дейін сегіз рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, 1119 адамның 304-і тұрақты қызметке орналасты» дейді ол.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек Жәкиевтің айтуынша, «Дуальдық оқудың жол картасы» жүйесіне он сала бойынша 15 колледж енгізілді. Облыстың 75 мекемесінде 19 мамандық бойынша оқыту ұйымдастырылды. Аталған жүйемен 979 студент қамтылды. Оқу орындары мен мамандықтар жөнінде ақпарат беру мақсатында http:atyrauprof.kz сайты жасақталды. Барлығы 2000-ға жуық адам «Менің кәсіби таңдауым» жобасына тартылды.

Амандық Сағынтайұлы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*