«Елбасымды ешкімге теңгермеймін»

Сырттай естіп-білу бір басқа да, егемен елімізді бүгінгідей белеске көтерген Елбасының арнайы қабылдауында болып, ол кісінің даналық әңгімелерін, ақыл-кеңесін тыңдап, марапатын иелену – бір басқа. Құқық қорғау саласында 20 жылдан астам уақыт абыройлы еңбек еткен облысымызға белгілі полицейлер әулетінің өкілі Гүлжан Лұқманова да – осындай мәртебе мен абыройға ие болғандардың бірі. Бізбен әңгімелесу барысында Гүлжан Ибатқызы Мемлекет басшысымен кездесу сәтінің өміріндегі естен кетпейтін ерекше оқиға екендігін айтты.

%d0%b5%d0%bb%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bc%d0%b4%d1%8b-%d0%b5%d1%88%d0%ba%d1%96%d0%bc%d0%b3%d0%b5-%d1%82%d0%b5%d2%a3%d0%b3%d0%b5%d1%80%d0%bc%d0%b5%d0%b9%d0%bc%d1%96%d0%bd

– Осыдан екі жыл бұрын 2014 жылдың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткен «Көктем шуағы» деп аталатын Елбасымен басқосуға облысымыздан мен барып, зор әсер алып қайтқан едім.  Қазақта «мың рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген тамаша сөз бар ғой. Сол рас екен. Мемлекет басшысымен елдік тақырыптарында пікірлесе отырып, Президентіміздің елдегі барлық проблемаларды жетік білетінін байқадым. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, әсіресе, жетім балалар жайына ерекше тоқталды. Президенттің пікірінше, меймандостығымен даңқы шыққан елімізде жетімдер үйінің болуының өзі ұятты нәрсе. Әр бала міндетті түрде отбасында тәрбиеленуі керек. Сол себепті де Елбасы отандастарымызды жетімектерді жәудіретіп шетке жіберуге емес, өз елімізде тәрбиелеп-өсіруге шақырды.

Елбасының қай кездегі болсын әр сөзін аса мұқият тыңдасаңыз, астарында терең ой, даналық жатады. Бізбен жүздесуінде ол бала тәрбиесіне жасынан ерекше назар аудару керектігін баса айтты. Баланы жастайынан нақты мақсат қоя білуге және сол жолға ұмтылуға тәрбиелеу керектігін сөз етті. Және баланың заман талабына сай толымды білім алуы маңызды екендігіне тоқталды. Маған Мемлекет басшысының отбасы тұрақтылығына ерекше мән беретіні әсер етті. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан отбасы құндылықтарын біраз әңгімелеген Нұрсұлтан Әбішұлы жанұяда ері мен зайыбының бір-біріне деген қамқорлығы бірінші кезекте тұруы керектігін баса айтты. Ананың балаға, баланың әкеге деген қамқорлығы қалыптасқан дәстүрді жалғастыру қажеттігін қозғады. Мен де Елбасының бұл сөзін қолдаймын. Себебі, ең алдымен, әйел – ана болуы керек. Әйел қандай қызметте жүрсе де, ана атану бақытын сезінуі қажет.

Талай соқпақты жолдардан қазақ халқын қиындықсыз алып шыққан Нұрсұлтан Әбішұлын күллі қазақстандық секілді мен де мақтан етіп, мадақтаймын. Өйткені, Тұңғыш Президентіміз – қандай құрметке де лайықты тұлға. Ал, ол кісінің алдына барып құрмет көру ең үлкен мәртебе дер едім. Сол мәртебе биігіне мен көп жылғы қажырлы еңбегімнің арқасында қол жеткіздім. Екінші және үшінші дәрежелі «ҚР Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» және «Қазақстан полициясына – 20 жыл» медальдарының, сондай-ақ, «IIМ-дегі үздік қызметі үшін» төсбелгісінің иегерімін. Қызметімді ғана емес, отбасымды да қатар алып жүріп, бүгінде әже атанып отырмын. Мүмкіндігімше төрт баламды тәрбиелеп, оларға елді, жерді сүюді, әркез адал болып, ар-намысын жоғары қоюды үйреттім.

Ал, бүгін мен Мемлекет басшысы жүргізіп отырған сарабдал саясат, жүзеге асқан реформалар мен ел мүддесін көздейтін стратегиялық жобаларға қарап, «әлемде  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тең  келетін саясаткер жоқ» деген ой түйдім.

Мәлике  МӘЛІК.

 

Елбасының атап айтқаны…

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың облысымызға әр сапары  маңыздылығымен, өлкенің даму тарихында терең із қалдыруымен ерекшеленеді. Мемлекет басшысы мұнайлы өңірдің дамуына баға беріп қана қоймай, жаңа міндеттер мен нақты тапсырмалар жүктейді.

Мереке қарсаңында біз Елбасының облысымызға соңғы он жыл ішіндегі сапарларында атап айтқан сөздерінен үзінді келтіріп отырмыз. Бұл да – бір  тарих.

«Махамбет туралы айтқанда оны Исатайдан бөліп-жарып қарай алмаймыз. Махамбеттің өзі жырлайтындай, «Исатай – басшы, мен – қосшы». Екеуі де – батыр, отаршыл озбырлыққа қарсы халық наразылығының ұйымдастырушылары».

15 қыркүйек, 2003 жыл.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*