Елбасы мақаласының өзектілігін Жылыой ауданының жұртшылығы жоғары бағалады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған міндеттерді түсіндіру мақсатында «Кең Жылыой» мәдениет үйінде аудан активі өтті. Талқылау жиынына аймақ басшысының орынбасары Әлібек Нәутиев пен облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаев, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары, кәсіпорындар, мекемелер қызметкерлері, кент, ауылдық округтер әкімдері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ардагерлер, мешіт имамдары, қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер қатысты.

жаңалықтар басты жаналык

Жиын барысында аудан әкімі Мақсым Ізбасов рухани бай адамдары бар ел үлкен жетістіктерге жете алатынын, мемлекетіміздің байлығы мұнай мен газ, энергетика, ауыл шаруашылығы салалары емес, халық екенін атап өтті.

– Елбасының мақаласы – экономикалық-инновациялық дамудың идеологиялық жалғасы. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы қалыптастыруға негізделген және алдағы жылдары басшылыққа алатын міндеттерді айқын көрсетті. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойымызға сіңіру аса маңызды. Ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, қазіргі заманғы озық технологияларды игеру басты міндеттердің бірі болып отыр. Осы орайда Президентіміз әрбір қазақстандықтың ұлттық санасын жаңғыртудың бірнеше міндеттерін атап көрсетті, – деп аудан әкімі Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасының мән-мағынасын тарқатып берді.

Патриотизм, елге абыройлы қызмет ету мақалада баса айтыл-ғаны белгілі. Аудан әкімінің баяндауынша, жылыойлықтар өлкеде төрт құндылық бар екенін мақтан етеді.

Д.Жазықбаев атындағы жалпы білім беретін №16 мектептің директоры Назгүл Шарғабаева Елбасы мақаласындағы білім беру саласы бойынша жүктелген міндеттерге тоқталды.

– Ел тарихында жаңа тарихи кезең басталды. Мемлекет басшысы бағдарламалық мақаласында ұлттық сананы жаңартып, рухани жаңғырудың қыр-сырын  тарқатып берді. Қазақ елінің дамуын айқындайтын бұл мақала болашаққа бағдар берді, – деді мектеп басшысы.

Ал, мұнай саласының ардагері Мұстахима Исаинова Президент мақаласында көтерілген мәселелердің заман ағымынан туындап отырғанын баса айтты.

– Сонау жетпісінші жылдары «Құлсарымұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында еңбек кітапшаларының кейбірінің сырты кенеп сияқты материалмен қапталған болатын. Ал, ішіндегі ережелер латын әрпімен жазыл-ған еді. Біз оны түсіндік, сол кітапшалармен жұмыс жасадық, – деді еңбек ардагері.

жаңалықтар басты жаналык2

Алдын алу – тексеру емес

Аудан активінде қаралған екінші мәселе – діни экстремизмнің алдын алу. Әсіресе, интернет пен әлеуметтік желілерде оның жолын кесу, қоғамдағы діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке мүлдем төз-беушілікті қалыптастыру қажет-тігі кеңінен түсіндірілді.

– Елбасының тапсырмасы негізінде былтыр Бас прокуратураның бастамасымен Ақтөбе облысында ведомствоаралық топтар жеті бағыт бойынша жұмыс жасағаны белгілі. Бұл шаралар халықтың әлеуметтік жағдайына, жалпы аймақтағы діни ахуалды шешуге оң әсерін тигізді. Сондықтан, өзекті мәселелерді шешу, жалпы діни ахуалды зерделеу мақсатында өңірімізде де осындай топ құрылып, өз жұмысын алдымен Жылыой ауданынан бастап отыр. Мұны тексеру немесе баға беру деп ойламаңыз. Дәлірек айтқанда, мақсатымыз – бар мәселелерді мүдделі органдармен бірлесіп шешу. Топ құрамында құқық қорғау органдары қызметкерле-рімен қатар, халық қалаулылары да бар, – деп атап өтті облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаев.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев Мемлекет басшысының мақаласында айтылған мәселелерді алдағы уақытта әр мекеме басшылыққа алуы тиістігін атап айтты.

– Алда  ауқымды жұмыс тұр. Биыл «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге аса бастады. Жаңа бағдарлама болғандықтан, тұрғындар, кәсіпкерлер арасында түсінбеушілікер туындап жатуы мүмкін. Осыған байланысты тиісті облыстық басқармалар, жұмыспен қамту мекемелері, «Даму» ауыл шаруашылығын қолдау қорының өкілдері аудандағы барлық елді мекенді аралап, түсінік жұмыстарын жүргізеді, – деді Әлібек Ибатоллаұлы.

Жұмыс тобы ауданда үш күн бойы тұрғындармен, жұмысшылармен кездеседі. Атап айтсақ, «Жылыоймұнайгаз» басқармасы, теміржол, Теңіз кенішіндегі «Сичим», «Сенімді құрылыс» кәсіпорындарында, балабақша, мектептер мен Жаңа Қаратон, Қосшағыл, Тұрғызба, Қара-Арна және басқа да ауылдар тұрғындарымен, мешіт имамдарымен кездеспек.

Айгүл ЕРТІЛЕУ

Суретті түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Жылыой ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*