Елбасы Атыраудың заманауи қалаға қалай айналғанын айтты

«ТеңізШевройл» компаниясының 25 жылдығына арналған салтанатты жиынында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атыраудың қалай заманауи шаһарға айналғанын айтып берді.

e9ec119ab01c272d658e2a14014

Қазақстан Президенті «ТеңізШевройл» компаниясының Атырау өңірінің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.

«Компания бізбен келісе отырып, өңірдегі әлеуметтік салаға баса мән берді. Осы салаға 1,4 млрд доллар бөлінді. Бұл қаржы ауруханалар мен мектептерді салуға, су құбырларын тартып, электр желілерін жаңғыртуға жұмсалды. Көптеген жұмыс жүргізілді. Біз, аға буын өкілдері Атырау қаласының қандай болғанын жақсы білеміз. Бүгінгі таңда шаһар түбегейлі өзгеріп, заманауи қалаға айналды. Бұл компаниялар мен инвестицияның арқасы», – деді Елбасы салтанатты жиында.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*