Бұрын даяшы болған Қазақстан Президенті іс басқарушысының орынбасары елді елең еткізді

Ел жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам

22 қаңтар, 2020 жыл. Еңбек жолын даяшы қызметінен бастаған Ерлан Оразбай 18 жылдың ішінде Қазақстан президенті іс басқарушысының орынбасары қызметіне дейін көтерілді.

Әлеуметтік желілерде Қазақстан президенті іс басқарушысының орынбасары Ерлан Оразбайдың еңбек жолы кеңінен талқыланып жатыр.

Айта кеткен жөн, Оразбай осы қызметке 2019 жылы 26 желтоқсанда тағайындалған болатын. Әуелі қазақстандықтар оған аса мән бермесе, қазір желі қолданушылары оның лауазымды қызметке дейінгі еңбек жолына таңғалып  отыр. 2002 жылы ол президент істері басқармасының асханасына даяшы ретінде жұмысқа кірген. Содан 18 жылдың ішінде Қазақстан президенті іс басқарушысының орынбасары қызметіне дейін көтеріліп кетті.

Ерлан Оразбайдың өмірбаяны

Ерлан Сапарұлы Оразбай 1979 жылы 13 қарашада Өзбекстанның Ташкент облысындағы Чирлик қаласында дүниеге келген.

2011 жылы “Тұран Астана” университетін тәмамдады. Ал 2016 жылы Қазақ технология және бизнес университетінде экономика және бизнес магистрі дәрежесін алып шықты.

Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының “Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы” РМК-сына қарасты “Салтанат Сарайы” қабылдау үйінде даяшы болып бастайды.

2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының “Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы” РМК-сының №1 асханасында даяшы;  

2005-2012 жылдары Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының “Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы” РМК-сына қарасты “Акорда” асханасында даяшы;

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының “Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы” РМК-сының №1 асханасында бас даяшы, Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының “Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы” РМК-сына қарасты  “Қызылжар” резиденциясында бас даяшы;

2013 – 2017 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының “Қараөткел” РМК директоры; 

2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының “Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы” РМК директорының орынбасары;

2019 жылы 26 желтоқсаннан бастап Қазақстан президенті іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *